Атырауда сот анасын күтіп-бағу үшін ұлынан алимент өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотымен азамат В.-ның ұлы С.-ға өзін күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы талап қою арызында жүрегіне ота жасалғанын, дәрі-дәрмектерінің бағасы қымбат екенін, қазіргі уақытта жолдасымен бірге тұратынын, екеуі де зейнеткер екенін, алайда зейнетақылары қымбат дәрі-дәрмектерге жетпейтінін көрсеткен.

Сот отырысында талап қоюшының екі ересек баласы, қызы және ұлы бар екені, алайда қызының тұрғылықты жері белгісіз екені, ұлы С. анасына материалдық көмек көрсетпейтіні анықталды.

Сот, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар, көмекке мұқтаж және еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті деп көрсетілген Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 145-бабының 1-бөлігін басшылыққа алып, анасын күтіп-бағу үшін 2016 жылдың 05 қыркүйектен бастап айлық есептік көрсеткіш есебінен ұлынан алимент өндіру жөнінде шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі