Павлодарда судьялар сот үкімі, сот шешімі немесе басқа сот актісі мен атқару құжатын орындамау бойынша әкімшілік істер қараудың практикасын талқылап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық соты оқу орталығының базасында прокуратура, әкімшілік полиция, әділет органдары, жергілікті полиция қызметтері өкілдерінің, сот орындаушыларының, адвокаттар мен сот приставтарының қатысуымен «Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту» атты өзекті тақырыпқа «дөңгелек үстел» өтті.

Төрағаның м.а. Бақытбек Бегалиев «дөңгелек үстелді» аша келе, қорытынды сот актісін орындалмауы әкімшілік, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке алып соғатынын атап өтті. Сот шешімін орындамағаны үшін санкцияларайыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейін әкеледі. Алайда сот актілерін орындалмағаны үшін жаза тек құқықбұзушылық үшін төлемді ғана көздейді, бірақміндеттемелердің орындалуына кепілдік бермейді. Б.Бегалиевтің айтуынша  2016 жылы ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша облыс соттары 1403 әкімшілік іс, ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында осы бап бойынша - 746 әкімшілік іс қараған.«Сонымен бірге, сот актілерінің орындалумәселесікөп нәрсені талап етеді», - деп атап өтті.

Павлодар облысы прокурорының орынбасары Қ.Артықбаев өзінің баяндамасында сот шешімдерін орындамаудың басты себебі ол борышкерлердің өздерінің жауапсыздығы, олар сот шешімдерінің орындалмауы заңда көзделген жауапкершілікке әкелетінін түсінбейді.

Пікірталас барысында ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі талқыланды, әсіресе полиция қызметкерлері мен сот приставтарының хаттама әзірлеу сапасына назар аударылды. Сонымен қатар, соттардың жеке ұйғарымдарын тиісті түрде орындау қажеттілігі көрсетілді.

«Дөңгелек үстел» соңында сот актілерінің орындау мәселелерін бұдан әрі жақсарту бойынша ұсыныстар қабылданған болатын.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі