Архив событий

08/08/2017

Қызылорда облыстық соты мен облыстық ішкі саясат басқармасы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

08/08/2017

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев пен  облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға  қол қойды.

Өз сөзінде облыстық соттың төрағасы Қ.Нұрышев облыстық ішкі саясат басқармасымен арадағы Меморандум облыстық сотпен ұсынылған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, сондай-ақ, ашықтық қағидасының негізінде, сот ақпараттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтіндігін айтты.  

Оралда сот жол көлік оқиғасынан зардап шеккендердің пайдасына 4 миллион теңге өндірді

08/08/2017

Батыс Қазақстан облысы Жаңакала аудандық соты жол көлік оқиғасы салдарынан өмірлеріне қауіпті ауыр жарақат алған ер азаматтардың материалдық және моральдық залал өндіру туралы арызын қанағаттандырды.

Оқиға жауапкердің мас күйінде автокөлікке соқтығысқанын болған, яғни  талапкердің автокөлігі сынып, өтіп жатқан көліктерден көмек сұрап, автокөліктерді тіркеп жатқан уақытта жауапкер талапкердің көлігіне соқтығысқан. Бұл уақытта жәбірленушілер (әкесі мен ұлы) екі көліктің ортасында болған.

Жамбыл облыстық сотында Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі таныстырылды

08/08/2017

Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушысы Жомарт Рүстембеков ұжымға Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасовты таныстырды.

Берік Сайлауұлы Құлтасов 1962 жылы 4 ақпанда Шымкент облысы Алғабас ауданының Бұғұн ауылында дүниеге келген. «Құқықтану» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі болып табылады. Доғарыстағы аға әділет кеңесшісінің запастағы полковнигі әскери атағына ие. II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.