Архив событий

31/08/2017

Соттарда электрондық цифрлық қолтаңба алу - қолжетімді әрі жедел іске асатын процесс

31/08/2017

Сот қызметінде ақпараттық технологияларды дамыту және кеңінен қолдану Жоғарғы Соттың басым бағыттардың бірі болып табылады.

Жоғарғы Соттың 2014 жылы іске қосылған «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі азаматтарға, олардың өкілдеріне және адвокаттарға сотқа талап- арыздарды, апелляциялық шағымдарды, сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатты және электрондық түрде өтінішті, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеуге, сот құжаттарын, сондай-ақ іс бойынша мәртебесін көруге және т.б. мүмкіндігін береді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты мен Халыққа қызмет көрсету орталығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

31/08/2017

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Соттар әкімшісінің басшысы Орынбасар Лештаев және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік коғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Еркебұлан Алсеитов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Орал қаласында облыс судьялары банкроттық туралы азаматтық істі тәжірибеде қарауды талқылады

31/08/2017

Оралда «Банкроттық туралы азаматтық істерді тәжірибеде қарау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары (әрі қарай - БҚО МАЭС), прокуратураның, облыстық мемлекеттік кірістер Департаментінің және БАҚ өкілдері қатысты.

Рудныйда сот құжат жоғалтқан азаматшаның туу туралы тіркеуінің заңды фактісін орнатты

31/08/2017

Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Башкирия АССР Уфа қаласында 1965 жылы 29 қаңтарда туылған күнін тіркеуінің заңды фактісін орнату туралы арызымен сотқа жүгінді. Азаматша А.-ның туу туралы куәлігі жоғалған, қалпына келтіру мүмкін емес, жазбасы сақталмаған.

Башкортостанның Уфа қаласының АХАЖ органының мұрағат қорына сұраныс нәтижесіз болды. Аталған мекеменің мәліметтеріне сәйкес азаматша А.-ның туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбасы негіздердің болмауына орай қалпына келтіруге жатпайды делінген.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Көкшетау қаласының Достық үйінде татуластыру рәсімдерін дамыту мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

31/08/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Көкшетау қаласының Достық үйінде «Татуластыру рәсімдерін дамыту. Оларды шешудің жолдары мен мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға Ақмола облысының прокуроры, ІІД қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» қоғамдық бірлестігі, жергілікті соттардың судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, адвокаттар алқасы, нотариалдық палата және отставкадағы судьялар қатысты.

Павлодарда банк қарыздарының шарты бойынша берешекті өндіріп алумен байланысты азаматтық істер қараудың проблемалық мәселелерді талқылады

31/08/2017

Павлодар облыстық соты оқу орталығының базасында прокуратура өкілдерінің, сот орындаушыларының, екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ Павлодар облысы судьяларының қатысуымен «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша заңнама қолданудың кейбір мәселелері» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.