Атырау судьялары аудан орталықтарында алқабилер соты және татуластыру рәсімдері институттары туралы үгіт – насихат жүргізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының жоспары бойынша Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Г.Даулетова мен Жылыой аудандық сотының төрағасы Б.Жұмабаев  Жылыой, Мақат аудандарының халқымен кездесулер өткізді.

Аталған шара қылмыстық істерді  алқабилердің қатысуымен қарау ерекшеліктері мен татуластыру рәсімдерін түсіндіруге бағытталды.

Аудан тұрғындарынан басқа шараға облыстық және аудандық прокуратуралардың, адвокатураның және жергілікті әкімдіктің өкілдері шақырылды.

Кездесу барысында, сот төрағасы Г.Даулетова алқабилердің қатысуымен  қаралатын істердің сотта қаралу тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіріп, азаматтарды сот төрелігін жүзеге асыруға араластыру, сотпен қабылданған шешімнің дұрыстығына кепіл береді деді.

Сондай-ақ алқабилерді құру, және оған кандидаттардың біріңғай және запастағы тізімін сапалы жасақтау, хабарландыру жүйесі мен тұрғындарға ақпараттық – түсіндірме жүргізу туралы мәселелер талқыланды.   

Татуластыру рәсімдеріне арналған баяндамамен Жылыой аудандық сотының төрағасы Б.Жұмабаев сөз алып, тыңдаушыларға татуластыру рәсімдерінің пайдалы жақтары туралы түсінік берді.

«Татуластыру тек қана медиаторлармен емес, бірінші және апелляцияалық саты судьяларымен де жүзеге асады. Тараптардың татуласуын кеңінен қолдану, дауды шешудің уақытын неғұрлым азайтуға мүмкіндік береді» - дейді сот төрағасы.

Кездесу соңында, тұрғындардың алқаби ретінде сотқа қатысу туралы пікірлері мен татуластыру рәсімдері институты дамыту туралы ұсыныстары тыңдалды.  

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі