Жоғарғы Сот пен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов, Англия және Уэльстің бұрынғы Жоғарғы судьясы Лорд Гэрри Вульф Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және АХҚО арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  

Іс-шараға Грузия Жоғарғы Сотының Төрағасы Нино Гвенетадзе, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің  басшылығы, сонымен қатар АХҚО  өкілдері қатысты.

Қ. Мәми іс-шараны ашып, Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде  АХҚО өз жұмысын 2018 жылғы қаңтардан бастайтынын атап өтті. Оның аумағында  халықаралық деңгейдегі судьяларды  тарта отырып, ағылшын құқығына негізделген сот жұмыс істейтін болады. Өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Жоғарғы Сот судьяларының Халықаралық орталығы басшылығымен және оның жетекші шетелдік консультанттарымен  бірқатар кездесулер өтікізгендігі атап өтілді.

Іс-шара барысында меморандумның маңыздылығы, сонымен қатар Жоғарғы Сот пен АХҚО арасындағы ынтымақтастық туралы Англия және Уэльстің бұрынғы Жоғарғы судьясы Лорд Гэрри Вульф және АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов сөз сөйледі.  

Меморандум Қазақстандағы құқық үстемдігін қамтамасыз етуге және сот төрелігін жетілдіруге, сонымен қатар сот білімі саласындағы іс-шараларға  бағытталған  бірлескен бастамаларды іске асыру кезінде Жоғарғы Сот пен АХҚО арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары мен нысандарын айқындайды.

Соңында Жоғарғы Соттың Төрағасы Ұлыбританияның бұрынғы Жоғарғы судьясы Лорд Вульфқа АХҚО қалыптасуына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.  

Меморандум мәтінімен мына жерден танысуға болады (сілтеме)

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі