ҚР Жоғарғы Соты

Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

12/05/2018

Жоғарғы Соттың 200 судьясы мен қызметкері елорда әкімдігі ұйымдастырған «Астана – таза әрі қауіпсіз қала» атты сенбілікке қатысты.

Орынбор көшесінің бойында, сондай-ақ, Жоғарғы Соты ғимаратының аумағында жоғары сот органының өкілдері 100-ден астам ағаш және тал-шілік көшеттерін отырғызды.

Жоғарғы Сот МАӘС базасында түнгі соттарды құру мүмкіндігін зерделеуде

16/04/2018

«Түнгі соттарды» құрудағы негізгі идея – сотта қорғалу құқығын ыңғайлы іске асыру және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізу рәсімдерін жеңілдету. Іске қатысушылар тараптардың жауаптылығына және зиянды өтеуге байланысты барлық мәселелерді қысқа уақыт ішінде шешу мүмкіндігіне ие болады. Бұған қоса, сот дауын тараптардың жұмыс кестесінен бөлек, кешкі уақытта (18.30-дан бастап 22.00-ге дейін) шешу арқылы олардың уақыты үнемделеді.

Соттан тыс және сотта татуласу бойынша Жоғарғы Соттың жобасы өз нәтижесін беруде

13/04/2018

2018 жылдан бастап Жоғарғы Сот соттан тыс және сотта татуласу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

Жобаны іске асыру шеңберінде Жоғарғы Сот пен Кәсіподақтар Федерациясының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қызылорда және Ақтөбе облыстарында соттан тыс татуласу орталықтары ашылды. Мұнда медиаторлар, психологтар, шиеленістанушылар мен басқа да мамандар жұмыс істейді.  

Жоғарғы Сотта EUCJ Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

11/04/2018

Ағымдағы жылғы 10 сәуірде EUCJ Үйлестіру кеңесі Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасын іске асыру, өткен жылдың қазан айындағы отырыс өткен сәттен бергі нәтижелер мен алдағы стратегияны жүзеге асыруға арналды.

Отырыс жұмысы басталар алдында оған қатысушылар «Бостандыққа шығуға лайық бол» атты фотокөрмеге қойған материалдармен танысты. Ұсынылған жұмыстар үлгілі тәртібімен және адал еңбегімен бостандыққа шыққан сотталған адамдардың тағдырын бейнелейді.

Соттарға кіру жөнінде жаңа қағидалардың жобасы әзірленді

28/02/2018

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағына және ғимараттарына келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөнінде жаңа қағидалардың (бұдан әрі - Қағидалар)  жобасын әзірлеу жұмысын жүргізуде.

Жоғарғы Сот банктік қарызды бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссия өндіріп алудың түйткілді мәселелері бойынша кеңес өткізді

22/02/2018

Бүгін Жоғарғы Сотта жоғары сот органының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыровтың төрағалығымен қарыз алушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде жеке тұлғаларға берілген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есепке алу барысында банктік қарыз және микрокредитті бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссияны өндіру мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Жоғарғы Соттың жұмыс тобы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) сарапшыларымен кездесті

21/02/2018

Құрамына жоғары сот органының судьялары, Департаменттің жауапты қызметкерлері кіретін Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева бастаған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ)сарапшыларымен кездесу өтті.

Жоғарғы Сот Төрағасы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) өкілдерімен кездесті

20/02/2018

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов «Орталық Азия елдеріндегі құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу» GIZ өңірлік бағдарламасының басшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің өкілі Йорг Пуделькамен кездесті.

Жақып Асанов Қазақстан Жоғарғы Сотының Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен көп жылдық ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтті.

Жақып Асанов Германия Елшісімен кездесті

16/02/2018

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті.

Жақып Асанов Қазақстан Жоғарғы Сотының Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен(GIZ), Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі Герман қорымен (IRZ) және Фридрих Эберт атындағы қормен көп жылдық ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтті.

Жоғарғы Сотта қылмыстық процесті жаңғырту туралы заң жобасын талқылады

23/11/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта «Қылмыстық-процестік заңнаманы жаңғырту аясындағы қылмыстық процестің даму болашағы» тақырыбында «дөңгелек үстел» болып өтті. Іс-шара Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорымен (IRZ) бірлесіп ұйымдастырылды.

Беттер