Жоғарғы Сотта Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Сотта Конституция күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары, республиканың Судьялар одағының мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы  судьялардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Іс-шараны Жоғарғы Сот Төрағасы ашып, қатысушыларды келе жатқан Конституция күнімен құттықтады.

Одан әрі сөз Департамент басшысының орынбасары, Судьялар кеңесінің хатшысы Ж.Әбдиевке берілді. Оның айтуы бойынша, сот жүйесі үшін Конституция күнінің маңызы зор. Соттар заңдарда іске асырылған конституциялық құндылықтарды қорғайды. Соттар заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша алдарына қойылған барлық міндеттерді лайықты дәрежеде атқарылып отырғаны атаплды. Мұны соттарға келіп түскен өтініштер санының ұдайы өсуінен және әлеуметтік өлшемдердің қорытындыларынан байқауға болады.

Өз сөзінде Ж.Әбдиев елімізде жүргізілген реформалардағы соттардың рөлін айрықша атап өтті. Атап айтқанда, сот жүйесі Ұлт Жоспары бойынша  барлық реформаларды сәтті іске асырды. Соңғы конституциялық реформа шеңберінде ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бұл Конституция деңгейінде сот жүйесінің  құқықтық, ұйымдастырушылық және  материалдық-қаржылық кепілдерін елеулі түрде нығайтуға игі ықпалын тигізді. Қылмыстық сот ісін жүргізуді реформалау жөніндегі Жұмыс тобы қолдаған және Мемлекет басшысына баяндалған жеті ұсыныстың көп бөлігін Жоғарғы Сот ұсынды.

Салтанатты жиналыс Жоғарғы Сот судьялары мен Департамент қызметкерлерін марапаттау рәсіміне ұласты.

Құқықтану саласындағы көп жылғы, мінсіз және жемісті еңбегі үшін ІІ және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен Жоғарғы Соттың судьялары Рахымбек Мамырбаев, Жаңылсын Архарова, Ерден  Әріпов, Мейрам Жангуттинов, Ербол Ысмайылов, Дәулен Нұралин, Амангелді Сәрсенбаев марапатталды.                 

ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгілері Жоғарғы Соттың судьялары Ербол Рахымбеков пен Елена Максютаға берілді.

Республика судьялары одағының «Үш би» құрмет белгілеріне  Жоғарғы Соттың  Мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева, Жоғарғы Соттың судьясы Өміртай Ыбыраев, Елена Максюта, Баян Тоқтарова және Лариса Шепелева лайықты болды. Судьялар  одағының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына – Жоғарғы Соттың  судьялары   Гаһарман Дүйсенбаев, Бауыржан Жұмағұлов, Нұрлан Сұлтанов, Өмірсерік Қожабаев және Денис Шипп ие болды.

Жоғарғы Соттың бірқатар судьяларына  қызметтік баспананың кілттері табысталды.

Қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен Департамент қызметкерлері Лейла Жақаева, Қанапия Омарханов, І және ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгілерімен – Нұржан Молдақов, Гүлзат Жанұзақова, Динара Құрманова, Исатай Спатай, Зарина Танкенова марапатталды. Сонымен қатар Аппарат қызметкерлерінің бірқатарына Департамент басшысының алғысы жарияланды. 

Жиналыс соңында Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ. Мәми марапатталғандарды құттықтап, жұмыстарына одан әрі табыс тіледі.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі