Құрметті оқырмандар!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді алда келе жатқан Конституция күнімен құттықтаймын!

Бұл күндері бүкіл республикамыздың аумағы бойынша қалың жұртшылық  ел өміріндегі Негізгі заңның  рөлі мен маңызын терең ұғынады. Бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция барлық қазақстандықтар үшін ең басты құндылықтарды бекітті. Бұл – бейбітшілік, келісім, бірлік, теңдік, заң үстемдігі. Осы құндылықтар  – елдің саяси тұрақтылығы мен табысты дамуының негізі саналады.

Сот жүйесі үшін Конституция күнінің маңызы өте зор. Соттар заңдарда іске асырылған конституциялық құндылықтарды қорғайды. Қоғамда соттардың жұмысы осымен байланыстырылады. Соттар заңның үстемдігін қамтамасыз етуде алдарына қойылған барлық міндетті лайықты деңгейде атқарып отырғанын қуанышпен атап өтуге болады. Бұған соттарға келіп түскен өтініштер санының  ұдайы өсуі және әлеуметтік өлшемдердің қорытындылары айқын дәлел.

Сот жүйесі Ұлт Жоспары аясындағы барлық реформаларды табыспен іске асырды. Соңғы конституциялық реформа шеңберінде  ауқымды жұмыстар жүргізілді. Ол Конституция деңгейінде сот жүйесінің  құқықтық, ұйымдастырушылық және  материалдық-қаржылық кепілдерін елеулі түрде нығайтуға игі ықпалын тигізді.

Конституция күні қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, бастаған істеріңізге сәттілік және отбасында бақ-береке тілеймін. Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан өркендей берсін!

 

         Қазақстан Республикасы

             Жоғарғы Сотының

                     Төрағасы                                                                  Қ. Мәми