Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми азаматтарға жеке қабылдау өткізді.

Бұл күні Қ.Мәмидің қабылдауында республика бойынша 6 адам болды.

Жүгінгендердің көбісі жергілікті соттардың шығарған сот шешімдерімен келіспейтіндіктерін жеткізді. Осы азаматтарға заңнамаға сәйкес жоғары сот сатыларына шағым келтіру тәртібі түсіндірілді.

Жоғарғы Сот Төрағасының қабылдауында болғандардың барлығы өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Қайнар: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі