Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың 200 судьясы мен қызметкері елорда әкімдігі ұйымдастырған «Астана – таза әрі қауіпсіз қала» атты сенбілікке қатысты.

Орынбор көшесінің бойында, сондай-ақ, Жоғарғы Соты ғимаратының аумағында жоғары сот органының өкілдері 100-ден астам ағаш және тал-шілік көшеттерін отырғызды.

- Сенбіліктерге әрдайым қуана қатысамын. Мұндай шаралардың өтуін құптаймын, себебі өткен сенбіліктерде біз отырғызған жас көшеттер бүгінде саялы баққа айналып, жайқалып өсіп тұрғанын көрудің өзі көңілге қуаныш сыйлайды. Осындай сенбіліктердің нәтижесінде біздің сүйікті қаламыз құлпыра түсуде – деді Жоғарғы Соттың судьясы Денис Шипп.

- Елорданы гүлдендіру мен абаттандыруға аз да болса үлес қосқаным үшін кеудемді мақтаныш сезімі билейді. Отыз күндік акция барысында қала тұрғындары елорданы тазарту мен абаттандыру бойынша ауқымды жұмысқа белсене қатысып, қаланың көркі мен келбетін ажарландыра түсті. Мен осы жерде туып өскен астаналық емеспін, бірақ елордамызды, оның құбылмалы климатын ұнатамын. Елорда тұрғындарын қаламызды таза ұстауға шақырамын! – деді Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов.

 

 

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі