Архив событий

28/05/2018

Өскеменде судья, медиатор және нотариус еңбек ұжымдарымен көшпелі кездесу өткізді

28/05/2018

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Алмас Салимов, Медиаторлар Ұлттық Палатасы филиалының өкілі Марианна Дячук және нотариус Айгүл Байболова «ШығысЭнерготрейд» ЖШС-ның, «Өскемен Водоканал» РҚК-ның және «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның еңбек ұжымдарымен көшпелі кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты – татуласу рәсімдерін қолдану тәртібі мен негіздерін,  дауды соттан тыс шешудің артықшылықтарын, атқарушылық жазба институтының негізгі ережелерін түсіндіру.

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты мен өңірдің Ішкі істер департаменті арасында меморандумға қол қойылды

28/05/2018

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетов пен өңірдің Ішкі істер департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қол қою рәсіміне судьялар мен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты.

Тараптар Меморандум аясында азаматтардың өздеріне ыңғайлы уақытта әкімшілік сот ісін жүргізуге құқықтарын қамтамасыз ету үшін Жоғарғы Соттың «Түнгі сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастық орнатуды көздейді.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Алматының судьяларымен кездесу өткізді

28/05/2018

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Талғат Донақов Алматы қалалық сотында судьялармен сот төрелігінің өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесуге Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарының және Алматы қаласының судьялары қатысты.

Ақтауда «Түнгі сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында екі әкімшілік іс қаралды

28/05/2018

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Түнгі сот» пилоттық жобасын іске қосып, оның аясында жол-көліктік құқық бұзушылықтар туралы материалдарды сағат 18.30-дан 22.00-ге дейінгі аралықта қарауды бастап кетті.

Медиативтік келісім жасау жауапкердің талапкерге берешегін қайтаруына және тараптардың іскерлік қатынасын сақтап қалуына мүмкіндік берді

28/05/2018

2016 жылы екі Республикалық мемлекеттік кәсіпорын мердігерлік шартын жасасқан. Оның негізінде біреуі шарт жасалған сәттен бастап 9 айдың ішінде сорғы станциясын сыртқы электрмен жабдықтау үшін қайта құру бойынша барлық жұмыстарды орындауға, ал екіншісі – тиісінше орындалған жұмысқа төлем жасауға міндеттеме алған.