Оңтүстік Қазақстан облыстық соты мен өңірдің Ішкі істер департаменті арасында меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетов пен өңірдің Ішкі істер департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қол қою рәсіміне судьялар мен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты.

Тараптар Меморандум аясында азаматтардың өздеріне ыңғайлы уақытта әкімшілік сот ісін жүргізуге құқықтарын қамтамасыз ету үшін Жоғарғы Соттың «Түнгі сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастық орнатуды көздейді.

«Түнгі сот» пилоттық жобасы жол жүру ережесін бұзу туралы әкімшілік істерді Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сағат 18.30-дан 22.00-ге дейін қарау мақсатында іске асырылуда.

Кездесу барысында Т.Бекімбетов қатысушыларға «Түнгі сот» пилоттық жобасы бойынша әкімшілік сот ісіне қатысушылардың процестік әрекеттерінің тәртібін түсіндірді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі