Сот ұстаздың құқықтарын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы  Алға аудандық сотымен талапкер М.-ның жұмыстан шығару туралы бұйрықты бұзып, жұмысқа қайта орналастыру, амалсыздан жұмыссыз жүрген күндеріне жалақы және моральдық зиян, өкілдің көмегін төлеу бойынша шығынын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, талапкер М. 1 сәуір 2004 жылғы бұйрыққа сай, №2 Алға кәсіби мектебіне жұмысқа қабылданған. Қызмет барысында облыстық білім Департаментінің 08.05.2007 жылғы бұйрығымен және аттестациялық комиссияның шешімімен оған  «жоғары санатты оқытушы» санаты берілген.

23.01.2008 жылғы бұйрыққа сәйкес талапкер М. оқу жұмысы бойынша директордың орынбасары лауазымына ауыстырылған. 17.06.2016 жылы жұмыс берушінің бастамасымен ҚР Еңбек Кодексінің 52 бабының 1 бөлімі 4 тармағына сәйкес, аттестаттау нәтижелерімен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан жұмыскер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі себепті  еңбек шарты бұзылған.

Сот іс материалдарын толық және жан-жақты, объективті зерделеп, талап арызды ішінара қанағаттандырды. Сот шешімімен жұмыстан шығару туралы бұйрық бұзылып, талапкер М.-ды жұмысқа қайта орналастырылып, амалсыздан бос жүрген күндеріне жалақы, моральдық зиян және өкілдің көмегін төлеу бойынша сот шығындары өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызыметі