жұмысқа қайта орналастыру

Жоғарғы Сот жұмыстан заңсыз шығарылған Маңғыстау облысының тұрғынын қызметіне қайта орналастырды

10/08/2018

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Маңғыстау облысының бірінші және апелляциялық сатыларының жұмысқа қайта алу және амалсыз бос жүрген уақыт үшін жалақы өндіріп алу туралы талап қою арызына қатысты шешімдерінің күшін жойды.

Іс материалдарына сәйкес Қ.Орынбаевтың «Techno Trading LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде технологиялық құрылғылар операторы лауазымында 2014 жылдан бастап қызмет атқарғаны анықталды.

Қарағандыда жұмыскерді бұрынғы жұмыс орнына сот қайта орналастырды

17/11/2016

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында талапкер М.-ның жауапкер «Қала сырты тасымалдары» АҚ-на жұмысқа қайта орналастыру және жұмысқа еріксіз бармаған күндерге еңбек ақы мен моральдық шығын өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот ұстаздың құқықтарын қорғады

21/10/2016

Ақтөбе облысы  Алға аудандық сотымен талапкер М.-ның жұмыстан шығару туралы бұйрықты бұзып, жұмысқа қайта орналастыру, амалсыздан жұмыссыз жүрген күндеріне жалақы және моральдық зиян, өкілдің көмегін төлеу бойынша шығынын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, талапкер М. 1 сәуір 2004 жылғы бұйрыққа сай, №2 Алға кәсіби мектебіне жұмысқа қабылданған. Қызмет барысында облыстық білім Департаментінің 08.05.2007 жылғы бұйрығымен және аттестациялық комиссияның шешімімен оған  «жоғары санатты оқытушы» санаты берілген.

Қызылордада сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта орналастырды

18/03/2016

Қызылорда облысының Арал аудандық соты талап қоюшы А.Махановтың жауапкер «Polimer trade» ЖШС-на бұрынғы жұмысына қайта орналастырып, лажсыз бос жүрген күндеріне жалақысын өндіруді сұраған азаматтық істі қарады.

Сот жұмыстан заңсыз шығарылған мектеп директорын қайта орналастырды

24/11/2015

Қостанай облысының Денисов аудандық соты Денисов ауылындағы орта мектеп директорын жұмысқа қайта алу, мәжбүрлі жұмыссыз жүрген мерзімдегі еңбек ақысын және моральдық заланды өндіру  туралы азаматтық істі қарады.