Құрметті оқырмандар!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Баршаңызды алда келе жатқан 2017 жаңа жылмен құттықтаймын!

Осы мереке қарсаңында дәстүр бойынша өтіп бара жатқан жылдың қорытындысы шығарылады. Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде республикамыздың саяси-экономикалық салаларында жаңа жетістіктерге толы елеулі оқиғалар орын алды.

Отандық сот жүйесі де еліміздің дамуына өз үлесін қосты. 2016 жылы судьялар корпусы Ұлт Жоспарында көзделген тиісті қадамдардың барлығын табысты іске асырды. Үш сатылы сот жүйесіне көштік, судьялыққа үміткерлер мен судьяларға қойылатын талаптар артты, Жоғарғы Сот жанынан инвестициялық дауларды қарайтын алқа, Сот төрелігі академиясы мен Халықаралық кеңес құрылды. Сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану бағытындағы жұмыс жалғасын тапты. Судьялар қауымдастығы үшін маңызды оқиға –республика судьяларының VII съезі өтіп, онда Судьялық әдеп кодексі қабылданды.

Аталған жұмыстардың барлығы тұрғындардың ұдайы сұраныстары жағдайында заң үстемдігін іске асырудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы ел соттарына 1,7 миллионға жуық іс пен материал келіп түсті. Істерді қарау мерзімі барынша қысқарып,  сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы артты. Сот процестеріне қатысушылар арасында жүргізілген сауалнамалардың барлығы соттарға деген сенімнің тұрақты түрдегі жоғары деңгейін көрсетті.

Келер жылы сот жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасатын болады. Басым міндеттер қатарында – республика судьяларының VII съезінің тапсырмаларын іске асыру, істерді қараудың сапасы мен жеделдігін одан әрі арттыру, сондай-ақ сот төрелігі жүйесінің айқындығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету.

Жаңа жыл – баршаны біріктіріп, көңілге ерекше шабыт пен жарқын үміт сыйлайтын, барлығымыз қуана қарсы алатын отбасылық мереке! Төрімізге қадам басқан 2017 жыл әрбір шаңыраққа береке-бірлік, молшылық және толайым табыс ала келсін, армандарымыз орындалып, әр ісімізге сәттілік серік болсын!

Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, кәсіби жетістіктер мен баянды бақыт тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын! 

                                                      Қазақстан Республикасы

                                                      Жоғарғы Сотының Төрағасы

                                                      Қайрат Мәми

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі