Павлодар облыстық сотының судьялары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңа жыл мейрамы қарсаңында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерей күніне арналған «25 ізгі іс» қайрымдылық акциясы шеңберінде 2016 жылғы 26 желтоқсанында Павлодар облысының судьялары «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Песчан № 2 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» ММ-нің тәрбиеленушілерін құттықтады.

Іс-шараға Павлодар облыстық соты төрағасының м.а. Е.Жанғазин,  Судьялар одағы Павлодар филиалының төрағасы М.Рысбеков, Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы М.Дәйкенов, Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ғ.Рахматулина, «Павлодар облысының Соттар Әкімшісі»РММ басшысының м.а. Г.Темірова қатысты.

Балалардың назарына Паровоз сайқымазағы мен Аяз атаның қойылымы көрсетіліп, ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды.

Жаңа жылға сыйлық ретінде мектеп-интернатына кәсіпқой фотостудия сыйға тартылды.

Тәрбиеленушілердің әрқайсы Жаңа жылғы тәтті сыйлық қабыл алды.

Павлодар облыстық соты төрағасының м.а. Е.Жанғазин және Судьялар одағы Павлодар филиалының төрағасы М.Рысбеков балаларды және мұғалімдер ұжымын құттықтап, оларға зор денсаулық, сабақтарын жақсы оқуды және жаңа шығармашылық жеңістер тіледі.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі