Архив событий

07/12/2016

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрық заңсыз деп танылды

07/12/2016

Баянауыл аудандық сотымен  азамат Ц. мен В.-ның  «Майқайыналтын» АҚ-на еңбек келісім шартын бұзу бұйрығын заңсыз деп тану  және жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытына еңбекақы өндіру, моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша талапкер Ц. 2015 жылдың 09 қыркүйектен бастап «Майқайыналтын» АҚ-да жерасты кен ошағының операторы лауазымында қызмет атқарған, ал талапкер В. осы лауазымда 2011 жылдың 17сәуірінен бастап қызмет атқарған.

Қостанай облыстық соты және «Сот репортерларының гильдиясы» Қоғамдық бірлестігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

07/12/2016

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мергалиев бейне конференц байланысы арқылы онлайн режимде «Сот репортерларының гильдиясы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанна Байтеловамен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Атырау облыстық соты төрағасының жас судьялармен кездеcуі

07/12/2016

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов облыс соттарының жас судьяларымен кездесті. Кездесуге, жас судьялардың тәлімгерлері және жергілікті соттардағы кураторлар қатысты.

Марғұлан Бектұрғанов кездесуде  Атырау облысы соттары жұмысының негізгі көрсеткіштеріне баға беріп, сондай-ақ, судьялар қызмет сапасының анағұрлым жақсарғанына және жас судьялармен сот төрелігін жүзеге асыру динамикасы түзелгенін атап айтты.

Қызылордада VII судьялар съезінің қорытындысын талқылау мақсатында брифинг өтті

07/12/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында ағымдағы жылдың 21 қарашасында Астана қаласында өткен республика судьяларының VII съезінің қорытындысын талқылау мақсатында брифинг өтті.

Шараға спикер ретінде облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші  Артур Наримов, съезд делегаттары облыстық соттың судьясы Клара Қаниева, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары Рысдәулет Шамшиев, Нұрлан Еламанов, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Сабыров қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының соты брифинг өткізді

07/12/2016

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары VII съезінің қорытындылары бойынша журналистерді ақпараттандырып, 2016 жылғы 11 айдағы сот төрелігін іске асыру сапасының негізгі көрсеткіштері туралы сөз қозғады.

Аталмыш іс-шараның спикерлері ретінде облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов,  облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақыт Қасейінов, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Кириленко қатысты.