Архив событий

27/12/2016

Сот балалар үйі тәрбиеленушісінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу құқығы қайта қалпына келтірді

27/12/2016

Ағымдағы жылда Павлодар қалалық сотымен азамат С-ның «Павлодар қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не, Павлодар қаласының әкіміне және Павлодар қаласының жергілікті атқару органының тұрғын үй коммисиясына тұрғын үй коммисиясының шешімін заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Алматы облысының судьялары тілшілерді жаңа Судьялық әдеп кодексінің ережелері туралы хабардар етті

27/12/2016

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Республика Судьяларының VII съезд делегаттары судьялардың VII съезінің жұмысы туралы және Елбасы сот корпусының алдына қойған міндеттер туралы БАҚ өкілдерін хабардар етті.

Брифингті облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қалдарбек Досымбет, облыстық сотының судьясы  Нұргүл Жекенова, Талдықорған мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Нұржан Қарабаев өткізді.

Жоғарғы Сотта сот жүйесінің ардагері Назым Сухановаға құрмет көрсетілді

27/12/2016

Жоғарғы Сотта сот жүйесінің ардагері Назым Таңатарқызы Суханованың 70 жасқа толған мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми мерейтой иесін 70 жасқа толуымен құттықтай келе: «Назым Таңатарқызының отыз бес жыл бірыңғай сот саласында әділдікпен атқарған судьялық қызметі бүгінгі жас судьялар үлгі алатындай ғибраты мол, өнегелі жол екені анық. Қандай қызмет тапсырылса да, Назым Таңатарқызы өзінің біліктілігімен, табандылығымен, іскерлігімен көрінді», - деді.

Алматы облыстық соты мен «Сот репортерлерінің гильдиясы» ҚБ өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

27/12/2016

Республика судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысының сот жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша алға қойған міндеттерін орындау мақсатында республика соттарымен сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Облыс соттарының қызметін насихаттау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды нығайту мақсатында, Алматы облыстық соты мен «Сот репортерлерінің гильдиясы» ҚБ өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.