Алматы облысының судьялары тілшілерді жаңа Судьялық әдеп кодексінің ережелері туралы хабардар етті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Республика Судьяларының VII съезд делегаттары судьялардың VII съезінің жұмысы туралы және Елбасы сот корпусының алдына қойған міндеттер туралы БАҚ өкілдерін хабардар етті.

Брифингті облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қалдарбек Досымбет, облыстық сотының судьясы  Нұргүл Жекенова, Талдықорған мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Нұржан Қарабаев өткізді.

Қалдарбек Досымбет сөз сөйлеген кезде Алматы облысының сот корпусынан форумға 13 делегат қатысқандығы туралы тілшілерге хабарлады. «Съезде Елбасының қатысуымен соттар тәуелсіздігі, сот ісін жүргізуді ары қарай жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы және қолжетімділігі, сот кадрларының кәсіби және адамгершілік деңгейін жоғарылату және соттың ақпараттық ашықтығын арттыру, қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыстарды нығайту туралы мәселелер талқыланды»,-деп атап өтті.

Н.Жекенова жаңа Судьялық әдеп кодексі судьялардың күнделікті өмірдегі кәсіби әрекеттері мен тәртіптері үшін олардың моральдық жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Судьялар тілшілерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі