БАҚ

Құрметті журналистер қауымы!

25/06/2021

Сіздерді төл мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Карантиндік шектеулерге қарамастан өзара коммуникация тұрақты негізде жалғасын тауып келеді. Осы ретте сіздер арқылы қоғамды толғандырған сауалдарға жауап беру біз үшін әрдайым басымдыққа ие міндет болып қала бермек.

Сіздер мен біздерді азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсаты біріктіреді. Осы мақсаттың үдесінен шыға алсақ, қоғамның бізге деген көзқарасы да өзгереді.

Ақтауда судья-үйлестірушілердің, соттардың баспасөз хатшыларының, журналистер мен заңгер-блогерлердің кездесуі болып өтті

09/08/2019

Ақтауда «Соттар және БАҚ: ашық диалог және сенімгерлік ынтымақтастық» тақырыбы бойынша өңірлік семинар-тренингтердің төртінші циклы аяқталды.

Іс-шараға батыс өңірінің өкілдері - судья-үйлестірушілер, соттардың баспасөз хатшылары, журналистер мен заңгер-блогерлер қатысты.  Семинарды ұйымдастыруға Жоғарғы Сот, Ф.Эберт атындағы қор, USAID, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі, Internews және Қазақстанның Сот журналистері лигасы атсалысты.

Алматыда «Соттар және БАҚ: ашық диалог пен сенімді ынтымақтастық» семинар-тренингі болып өтті

26/07/2019

Жоғарғы Сот үйлестіруші-судьяларға, облыстық соттардың баспасөз хатшыларына, сот-құқық тақырыбына маманданып жүрген журналистер мен блогерлерге арналған өңірлік семинар-тренингтер циклын бастады.

Оқуды ұйымдастыруда Ф.Эберт атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігі, ISAID, OSCE, Internews және Сот репортерлары лигасы серіктес болды.

Астанада журналистер сот репортері шеберлігіне үйренді

10/11/2018

Жоғарғы Сот репортерлары гильдиясының және Ф.Эберт атындағы Қордың жәрдемдесуімен «Соттар және БАҚ: өзара іс-қимыл және ынтымақтастық» атты тақырыпта екі күндік семинар өткізді. Іс-шара сот-құқықтық тақырыпта маманданып жүрген журналистерге бағдарланған.

«Тенгриньюс» агенттігі оқырмандарының сұрақтарына жауаптар

16/07/2018

2018 жылғы 12 маусымда Жоғарғы Сот ақпарат агенттіктеріне сот жүйесінің жұмысы туралы оқырмандардың үш сұрағын жолдау туралы ұсыныс білдірді. Оларға Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Асанов а.ж. 13 шілдедегі кеңейтілген кеңесте «тікелей эфирде» жауап беретіндігі хабарланды. Сұрақтар нақты сот істеріне қатысты болмауы керектігі туралы шарт қойылды. 

Ұсынысты «Закон.кз», «Информбюро» және «Тенгриньюс» ақпарат агенттіктері қабыл алды. Ж.Асанов алғашқы екі БАҚ-тың сұрақтарына жауап берді.  

Алматыда журналистер сот процестерін тарату дағдысына үйренуде

03/07/2018

Алматыда журналисттерге бағытталған «БАҚ және сот ісін жүргізу: сот репортерлерінің қызметі» атты екі күндік семинар болып өтті.

Семинарды аша келе, ұйымдастырушылардың атынан Жоғарғы Соттың судьясы Елена Максюта, Ф.Эберт атындағы қоры Астанадағы өкілдігінің басшысы Зәуреш Шутова және «Сот репортерлерінің гильдиясы» ҚБ-ның директоры Татьяна Ковалева сәлемдесті. Семинар журналисттерге соттағы репортерлық жұмыстың дағдыларын, оның ішінде сот процестерін сауатты таратуды үйретуге бағытталған.

Жоғарғы Соттың Төрағасы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

26/06/2018

Бүгін Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов БАҚ басшылары мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Іс-шара Жоғарғы Сотта сот алқалары төрағаларының, жоғары сот органы судьяларының, республиканың Судьялар одағының хатшысы Жазбек Әбдиевтің және Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшылығының қатысуымен өтті.

Кездесу басталғанға дейін қонақтар Ахуалдық орталық пен Жобалық кеңсенің жұмысымен танысты.

Ақмола облысында сот пен БАҚ «Заң және қоғам» басылымының шығаруын ұйымдастырдыиздание «Закон и общество»

11/05/2017

Целиноград аудандық соты «Ақмола Жаршысы» аудандық газетімен бірлесіп «Заң және қоғам» айдарымен қосымша басылым бетін ұйымдастырды.

Аталған басылым азаматтардың құқықтық сауатын дамыту және сот жүйесінің қызметі туралы тұрғындарды кеңінен ақпараттандыруды қамтамасыз етуге аудан тұрғындары үшін ай сайын басылып шығарылады. Басылымда заңнамалардағы жаңа өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, құқықты қолдану, сот залынан ақпарат, сонымен қатар азаматтарға сотқа жүгіну үшін қажетті ақпарат пен судьялардың мақалалары жарияланады.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаев азаматтармен кезекті интернет-конференцияны өткізді

28/04/2017

Интернет-конференцияның өткізетін күні мен уақыты туралы ақпарат алдын ала облыстық соттың интернет-ресурсына жарияланып, жергілікті телеарнаның эфирінен хабарланды. Осылайша, облыстың кез-келген тұрғыны сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Жамбыл облыстық сотының сайтында төраға блогындағы «сұрақ-жауап» айдары шеңберінде соттар жұмысына, сот ісін жүргізу, сот төрелігін жүзеге асыру, оның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарын қоюға мүмкіндігі болды.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрылғанына 5 жыл

02/03/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов баспасөз-конференцияны өткізді.

Журналистердің сұрақтарына кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, сот жүйесінің зейнеткерлері, ішкі істер органдарының, прокуратура, кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығының, білім басқармасының, қорғаншы және қамқоршы бөлімінің өкілдері жауап берді.

Беттер