Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаев азаматтармен кезекті интернет-конференцияны өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Интернет-конференцияның өткізетін күні мен уақыты туралы ақпарат алдын ала облыстық соттың интернет-ресурсына жарияланып, жергілікті телеарнаның эфирінен хабарланды. Осылайша, облыстың кез-келген тұрғыны сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Жамбыл облыстық сотының сайтында төраға блогындағы «сұрақ-жауап» айдары шеңберінде соттар жұмысына, сот ісін жүргізу, сот төрелігін жүзеге асыру, оның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарын қоюға мүмкіндігі болды.

Конференцияны өткізу барысында 6 сұрақ келіп түсті, соның ішінде, үздіксіз жұмыс атқарып тұрған соттың электрондық поштасына да сұрақтар түсті. Азаматтарды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, шетел мемлекеттері азаматтарының, зейнетақымен қамтамасыздандыру саласындағы  құқықтары, келісім комиссиясына немесе жеке еңбек дауларын қарау бойынша сотқа жүгінудің мерзімдері, қарыз шарттарын жарамсыз деп тануға қатысты даулар бойынша талап қою мерзімі, сондай-ақ, «Сот кабинеті» сервисі туралы сұрақтар қызықтырды.

Түскен сұрақтарға Р.Алшынбаев тиісті жауаптар берді. Жамбыл облыстық сотының төрағасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында облыс тұрғындарымен онлайн-кездесулерді тұрақты түрде әр айдың соңғы бейсенбісінде өткізіп отырады.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі