Интернет-конференция

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы онлайн режимде азаматтарды қабылдады

28/01/2020

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков бүгін онлайн режимде шалғай ауылды аймақтардан азаматтарды қабылдады.

Зайсан, Көкпекті, Күршім, Шемонаиха, Аягөз, Алтай аудандарының, Семей және Курчатов қалаларының тұрғындары мемлекеттік сатып алу саласындағы дауларға, заңды фактіні анықтауға, алимент өндіріп алуға, үйге меншік құқығын тануға, төленген жәрдемақыны қайтаруға, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне шағымдануға қатысты сұрақтар қойды.

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов азаматтардың сұрақтарына интернет-конференция арқылы жауап берді

12/12/2017

Онлайн конференцияның өткізілетіні туралы алдын ала жергілікті БАҚ-та,  облыстық соттың ресми сайты және фейсбук парақшасы  арқылы хабарландыру жарияланды.

Азаматтар мен заңды тұлғалар өз сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін облыстық соттың интернет-ресурсы арқылы жолдады.

Іс-шара барысында Жақсылық Аланов күні бойы банк, еңбек даулары, алимент өндіру, қылмыстық және әкімшілік істерге қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берді.

Председатель Северо-Казахстанского областного суда Ерлан Айтжанов провел интернет-конференцию с населением области

07/12/2017

Всего в ходе интернет-конференции поступило 7 обращений. Интерес у граждан вызвали вопросы применения примирительных процедур, трудового законодательства, взыскания компенсации морального вреда, модернизации уголовного законодательства. Также были вопросы, касающиеся рассмотрения конкретных судебных дел. 

Е.Айтжанов ответил на все поступившие вопросы в рамках действующего законодательства.

В дальнейшем проведение интернет-конференций с населением области будет продолжено.

Председатель Актюбинского областного суда провел интернет-конференцию с жителями области

31/10/2017

Сегодня  председателем областного суда Мұратғали Әкетай проведена интернет-конференция с гражданами региона.

Главной целью мероприятия является обеспечение открытости и доступности правосудия, осуществление диалога с населением, повышение информированности граждан о деятельности судов.

Жители области были заранее проинформированы о проведении мероприятия посредством официального сайта суда.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді

31/10/2017

Бүгін облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай өңір тұрғындарымен интернет-конференция өткізді.

Шараның негізгі мақсаты сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықпен диалог орнатып, сот қызметі туралы ақпараттандыру болып табылады.

Облыс тұрғындары өткізілетін шара туралы алдын - ала облыстық соттың ресми сайты арқылы хабардар етілді.

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қ.Нұрышев облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді

27/07/2017

Интернет-конференцияның өткізілетін күні мен уақыты туралы ақпарат алдын ала облыстық соттың интернет-ресурсына және Facebook әлеуметтік желісі арқылы хабарланды.

Интернет-конференцияға қатысқан азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері Қызылорда облыстық сотының ресми-сайтындағы төраға блогына кіріп, «Сұрақ-жауап» айдарына және соттың электрондық поштасына өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын жолдады.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев өңір тұрғындарының 15 сұрағына жауап берді

29/06/2017

Интернет-конференцияның өткізілетін күні мен уақыты туралы ақпарат алдын ала облыстық соттың интернет-ресурсында жарияланған болатын. Қатысушылар облыстық соттың төрағасына өздерінің сұрақтарын, ұсыныстарын және пікірлерін соттың интернет-ресурсы, сонымен қатар, электрондық поштасы арқылы жолдады.

Атырау облыстық сотының төрағасы азаматтардың сұрақтарына жауап берді

29/05/2017

Бүгін Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов интернет-конференция арқылы азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Интернет-конференцияға қатысқан азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері М.Бектұрғановқа өз сұрақтарын, ұсыныстары мен өтініштерін облыстық соттың интернет-ресурсы арқылы жолдады.

Қойылған сұрақтардың басым бөлігі Атырау облысы соттарының қызметіне, соның ішінде, сот жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және кадр саясатына қатысты мәселелерді қамтыды.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаев азаматтармен кезекті интернет-конференцияны өткізді

28/04/2017

Интернет-конференцияның өткізетін күні мен уақыты туралы ақпарат алдын ала облыстық соттың интернет-ресурсына жарияланып, жергілікті телеарнаның эфирінен хабарланды. Осылайша, облыстың кез-келген тұрғыны сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Жамбыл облыстық сотының сайтында төраға блогындағы «сұрақ-жауап» айдары шеңберінде соттар жұмысына, сот ісін жүргізу, сот төрелігін жүзеге асыру, оның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарын қоюға мүмкіндігі болды.

Беттер