Атырау облыстық сотының төрағасы азаматтардың сұрақтарына жауап берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов интернет-конференция арқылы азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Интернет-конференцияға қатысқан азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері М.Бектұрғановқа өз сұрақтарын, ұсыныстары мен өтініштерін облыстық соттың интернет-ресурсы арқылы жолдады.

Қойылған сұрақтардың басым бөлігі Атырау облысы соттарының қызметіне, соның ішінде, сот жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және кадр саясатына қатысты мәселелерді қамтыды.

Сонымен қатар, қарапайым азаматтар, облыстың кәсіпкерлері мен адвокаттар сот төрағасына қаралған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша шығарылған сот актілері, сот актісіне шағым келтіру тәртібі және судьяның әрекеті, сондай-ақ, сот шешімінің орындалуына қалай қол жеткізуге болатыны жөнінде сұрақтарын қойды.

Сот төрағасы бір де бір сұрақты жауапсыз қалдырмады. Бір күн ішінде 9 сұрақ түсті. Барлық келіп түскен сұрақтарға берілген жауаптар облыстық соттың сайтында жарияланды.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі