Архив событий

25/05/2017

Ақтөбе жұртшылығы облыс судьяларының жұмысын жоғары бағалады

25/05/2017

Ақтөбе қалалық № 2 сотының судьясы Ерлан Бақытжан «Aktobe News» интернет-порталының нұсқасына бойынша Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметкерлерінің үздік ондығына енді.

«Aktobe News» интернет-порталы өңір жұртшылығы арасында өткізген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша үздік мемлекеттік қызметкерлерді анықтаған. Сауалнамаға қатысқан ақтөбеліктер судьялардың атқарып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, алғыстарын жеткізген.

Батыс Қазақстан облыстық сотында бұйрықтық іс жүргізу және банктік дауларды қарау мәселелері туралы семинар өтті

25/05/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотында азаматтық істерді қарауға мамандандырылған судьялардың қатысуымен азаматтық құқық тақырыбында семинар өтті.

Семинарға қатысушылар 2016 жылғы және 2017 жылдың 1-тоқсанында облыс соттарының азаматтық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау, соның ішінде, бұйрықтық іс жүргізу арқылы мемлекеттік баж салығын өндіріп алу жөніндегі істер бойынша талдауды зерделеді.

Жоғарғы Сотта терроризм мен экстремизмге қатысты қылмыстық істерді қарауда туындайтын мәселелер талқыланды

25/05/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта «Терроризм мен экстремизмге қатысты қылмыстық істерді қарауда туындайтын мәселелер» атты семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Жоғарғы Сот және жергілікті соттардың судьялары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің өкілдері, Жоғарғы Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Сот төрелігі академиясы және Құқық қорғау органдарының академиясы қатысты.