Архив событий

24/05/2017

Атырауда келтірілген шығынды өндіру туралы дау тараптар арасында бітімгершілік келісімнің жасақталуымен шешілді

24/05/2017

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотына «Жас қайрат асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС жауапкер Ғ.А.-дан оған сеніп тапсырылған қойдың жетіспеуіне байланысты 3 720 000 теңге шығынды өндіру туралы талап арызымен жүгінген.

Сотта анықталғандай, жауапкер 2014 жылдан бастап ЖШС-те бақташы болып қызмет атқарған, онымен толық материалды жауаптылық жөнінде шарт жасақталған. Отардағы қой басы санын түгендеу кезінде 3 720 000 теңгені құрайтын 186 бас қойдың жетіспейтіндігі анықталған.

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары соттардың істерлді оңайлатылған тәртіппен қарау мәселелерін талқылады

24/05/2017

Батыс Қазақстан облыстық соты Азаматтық процестік кодекстің 434-бабының 2-бөлігіне сәйкес республика соттарының кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайтын істерді қарауының сот практикасы туралы Жоғарғы Соттың қорытуын зерттеу жөнінде облыс судьяларымен семинар өткізді.  

Қорыту құқық қолдану практикасында туындайтын өзекті мәселелерді анықтау және мұндай істерді қарау кезінде жоғары тұрған сот сатылары тарапынан соттардың процессуалдық заң нормаларының сақталуын бақылау мақсатында облыстық соттардың анықтамалары негізінде жүргізілген.