Атырауда келтірілген шығынды өндіру туралы дау тараптар арасында бітімгершілік келісімнің жасақталуымен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотына «Жас қайрат асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС жауапкер Ғ.А.-дан оған сеніп тапсырылған қойдың жетіспеуіне байланысты 3 720 000 теңге шығынды өндіру туралы талап арызымен жүгінген.

Сотта анықталғандай, жауапкер 2014 жылдан бастап ЖШС-те бақташы болып қызмет атқарған, онымен толық материалды жауаптылық жөнінде шарт жасақталған. Отардағы қой басы санын түгендеу кезінде 3 720 000 теңгені құрайтын 186 бас қойдың жетіспейтіндігі анықталған.

Сотта тараптар бітімгершілік келісімін жасақтауға келісетіндерін айтқан.

Сот дауласушы тараптар арасындағы бітімгершілік келісімін бекітіп, іс бойынша өндірісті тоқтатуға ұйғарым шығарды. Жасақталған келісімнің шарттары бойынша жауапкер келтірген шығынды ай сайын 30 000 теңге көлемінде төлеуге міндеттенді, ал талап қоюшы талап арызынан бас тартты.

Талап қоюшы «Жас қайрат асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС-не 111 600 теңге мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Қайнар: 
Пресс-служба Атырауского областного суда