Архив событий

15/05/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов: «Билерге тағзым» велошеруіне қатысушылар билер соты институтының тарихи мұрасын кеңінен насихаттауды мақсат етеді»

15/05/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты облыс әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен бірлесіп,  «Билерге тағзым» атты дәстүрлі велошеруді өткізді.

Таразда және Атырауда сақтандыру туралы заңнаманы қолдану мәселелері талқыланды

15/05/2017

Жамбыл облыстық сотында «Сақтандыру туралы» заңды қолдану мәселелері талқыланған семинар өттіі.

Семинар жұмысына судьялар, сақтандыру компанияларының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның, «Қазфосфат» ЖШС-нің өкілдері, сондай-ақ, медиаторлар қатысты.

Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов Шарбақты аудандық сотына жұмыс сапарымен барып, азаматтарды қабылдады

15/05/2017

Осы күні облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұловқа төрт азамат жүгінді.

Аудан тұрғындары З.Мусаипова мен К.Кокинаны сот тәртібінде заңды фактіні анықтау мәселелері қызықтырды, сондай-ақ, олар судья лауазымына тағайындалу тәртібі мен Жоғарғы Соттың жаңындағы Сот төрелігі академиясына түсу тәртіптерін түсіндіруді сұрады.

Ақтауда судьялар мен банк өкілдері коммуналдық және банктік төлем қарыздарын өндіру мәселелерін талқылады

15/05/2017

Маңғыстау облыстық соты өткізген "дөңгелек үстелге" қатысушылар төленбеген коммуналдық төлемдер мен банктік борыштарды өндіру жөніндегі дауларды сотқа дейінгі және медиация тәртібімен шешу мәселелерін талқылады.

Іс-шараға облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төраға м.а. Ғабит Бастаубаев пен барлық судьялар, екінші деңгейлі банк пен басқа да мекемелердің заңгерлері, сондай-ақ, медиаторлар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Пікірлер мен ұсыныстар