Таразда және Атырауда сақтандыру туралы заңнаманы қолдану мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық сотында «Сақтандыру туралы» заңды қолдану мәселелері талқыланған семинар өттіі.

Семинар жұмысына судьялар, сақтандыру компанияларының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның, «Қазфосфат» ЖШС-нің өкілдері, сондай-ақ, медиаторлар қатысты.

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков жұмысты ашып, нарықтың дамуында талқыланатын тақырыптың маңыздылығын айтып, қатысушылардың мүліктік мүдделерін қамтамасыз ете алатын, азаматтық айналымдағы осындай тетіктердің қолданылуы туралы баяндады.

Жамбыл облыстық сотының судьясы Динара Нұрлыбаева өзінің баяндамасында аймақтағы сақтандыру дауларының басым көпшілігі көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын орындау және мүлікті өз еркімен сақтандыру шарты бойынша қозғалатындығын айтты. Жиі кездесетін даулардың ерекшелігі – суброгация тәртібімен сақтандыру төлемін өндіру туралы сақтандырушылардың арыздары болып табылады. Жиынға қатысушылардың назарына сақтандыру даулары бойынша татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану қажеттігі туралы ақпарат жеткізілді.

Сақтандыру туралы заңнаманың дамуы және сот тәжірибесі жайындағы баяндамаларымен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Гаухар Қожантаева, Тараз қалалық сотының судьялары Бауыржан Манке-тегі, Гүлфайруз Байқұлова баяндама жасады.

Сақтандыру даулары бойынша медиация рәсімінің қолданылу тәжірибесі туралы кәсіби медиатор Кенжеш Данабаева, «Қазфосфат» ЖШС және сақтандыру компанияларының өкілдері баяндады.

Семинар соңында зиянды өндіру және сақтандыру саласындағы құқықтың жетілдірілуі және құқықтық қатынастағы қатысушылардың заңды мүдделері мен құқықтарын сақтауға бағытталған сот тәжірибесінде туындаған мәселелер талқыланды.

 

Атырау облыстық соты сақтандырудан туындайтын дауларды қарау тәжірибесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

Шараға судьялар, сонымен қатар, банктер, сақтандыру компаниялары, медиация орталықтары, адвокатура мен прокуратура өкілдері қатысты.

Семинар жұмысын ашқан облыстық соттың судьясы Гүлнар Нұржігітова сақтандыру компанияларының сақтандыруды төлеуден, сақтандыру сомаларын өндіруден бас тартуымен байланысты суброгация тәртібінде сомаларды өндіру туралы даулардың кеңінен тарағанына тоқталды. Судья сақтандыру дауларынан туындайтын дауларды шешудің біріңғай тәжірибесіне мысалдар келтірді.

Семинарға қатысушылар баяндамаларында жол-көлік оқиғасы барысындағы залалдың мөлшерін анықтау және қаралу тәртібіне қатысты мәселелерді талқылады. Қалалық соттың судьясы Ж.Жумалиеваның айтуынша, көптеген даулар жәбірленушіге төленген сақтандыру сомасы мен көлікті жөндеудегі  қосымша шығындар арасындағы айырмашылықты төлеу бойынша туындайтынынатап көрсетті.   

Адвокат Айдос Иброймов өз сөзінде егер сақтандырылған мүлікті бағалау жүргізілсе, ҚР Ұлттық банкімен бекітілген залал мен сақтандыруды өтеуді анықтайтын методология ережесіне сәйкес, екінші рет санаудың қажеті жоқтығын айтты.

«Дөңгелек үстел» барысында медиаторлар сақтандыру сферасындағы медиацияның роліне қатысты мәселелерді көтерді.

Шара іскерлік және констуктивті жағдайда өтіп, оның қорытындысы бойынша сот қызметінде пайдалану үшін тәжірибелік ұсыныстар жасақталды. Оның қатысушылары осындай талқылауларды жиі өткізіп отыру қажеттілігі туралы ортақ пікірлерін білдірді.

Қайнар: 
Жамбыл және Атырау облыстық соттарының баспасөз қызметі