Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов Шарбақты аудандық сотына жұмыс сапарымен барып, азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осы күні облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұловқа төрт азамат жүгінді.

Аудан тұрғындары З.Мусаипова мен К.Кокинаны сот тәртібінде заңды фактіні анықтау мәселелері қызықтырды, сондай-ақ, олар судья лауазымына тағайындалу тәртібі мен Жоғарғы Соттың жаңындағы Сот төрелігі академиясына түсу тәртіптерін түсіндіруді сұрады.

Қабылдау барысында кәсіпқой емес медиатор Е.Оразалинов «Медиация туралы» заңға «кәсіпқой емес» медиатор түсінігін «қоғамдыққа» ауыстыру, себебі, біріншісі азаматтар жағынан сенімсіздікті тудыратыны, медиаторларды қызметтік куәлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ, еңбек қызметінің бес жыл өтуі бойынша жұмысын ынталандыру мақсатында, жақсы пікірлер қалыптасқан кезде кәсіпқой еместен кәсіпқой медиаторға ауысуды жүзеге асыру бойынша өзгерістер енгізу туралы бірқатар ұсыныстарын айтты.

Шарбақты ауданының еңбек сіңірген азаматы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Қарашашев соттардың жұмыс сапасының жақсарып жатқанын айтып, алғысын білдірді.

Мұхтар Смағұлов барлық қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Сонымен қатар,  атты Жоғарғы Сотты интернет-ресурсына енгізілген «Соттар қызметін сыртқы бағалау» жаңа сервис туралы ақпарат берді. Аталған сервис соттарда азаматтардың заңды мүддесі мен құқығын қорғау, халықтың сенімділік деңгейін анықтау мақсатында соттар мен судьялар қызметін сыртқы бағалау құралы болып табылатынынын атап өтті. Сауалнамаға тек қана сот процесінің қатысушылары қатыса алады. 

Жұмыс сапары шеңберінде М.Смағұлов 2016 жылғы қараша айында ашылған Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің Шалдай психоневрологиялық орталығына барып қайтты. Аудандық сотқа азаматтарды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы арыздар санының артуына байланысты, облыстық соттың төрағасы медицина қызметкерлері мен мекеме заңгерімен кездесу кезінде осы мәселеге назар аударды. Себебі, ағымдағы жылдың төрт айында аудандық сотқа аталған санат бойынша 103 арыз келіп түскен, сот-психиатриялық сараптама тағайындауына байланысты 46 іс тоқтатылды.

Кездесу барысында сараптама өткізу мерзімі мен істерді ұзақ қарауын болдырмау мақсатында материалдарды жедел дайындау бойынша мәселелер талқыланды.

М.Смағұлов қалалық сотқа комиссия мүшелерінен, науқастардан жауап алуды өткізу үшін сот тапсырысын жолдаумен көшпелі сот отырыстарын өткізу бойынша ұсыныс білдірді. Мекеме қызметкерлері медицина қызметкерлерін тұрғын үй және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерін көтерді, ал облыстық соттың төрағасы айтылған мәселелерді облыс әкіміне жеткізуге уәде берді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі