Ақтөбе жұртшылығы облыс судьяларының жұмысын жоғары бағалады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық № 2 сотының судьясы Ерлан Бақытжан «Aktobe News» интернет-порталының нұсқасына бойынша Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметкерлерінің үздік ондығына енді.

«Aktobe News» интернет-порталы өңір жұртшылығы арасында өткізген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша үздік мемлекеттік қызметкерлерді анықтаған. Сауалнамаға қатысқан ақтөбеліктер судьялардың атқарып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, алғыстарын жеткізген.

«Ақтөбе облыстық соты еліміздің сот-құқық жүйесіндегі реформаларды, жалпы соттардың қызметін түсіндіру бағытында тұрақты  және ауқымды іс-шараларды атқаруда. Сауалнама нәтижелері  жұртшылықтың сот жүйесіне деген сенімінің айғағы», - деп есептейді облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай   

Аталмыш ондыққа Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Қайыржан Тоқышев та енген.

Источник: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі