Ақтөбе облыстық сотының төрағасы М.Әкетай: «Елбасы мақаласында прагматизмді, ашықтық пен бәсекеге қабілеттілікті рухани жаңғырудың бағыттары ретінде көрсетті»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай судьялардың қатысуымен кеңес өткізіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының мазмұны терең және көлемі ауқымды бағдарламалық құжат екендігін атап өтті.

М.Әкетай: «Қазақстан жаңа тарихи кезеңге қадам басты. Осы жылы Елбасы әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат тұтқан Қазақстанның үшінші жаңғыруы туралы Жолдауын жариялады. Елбасы мақалада әрбір қазақстандықтың санасын, қоғамды тұтастай жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап өтті. Бұл прагматизм, сананың ашықтығы, сонымен қатар, бәсекеге қабілеттілік», - деді.

Ертеңгі күннің ерекшелігі бұл бәсекеге қабілеттілік ұлт табысының басты факторы болып табылады. Осыған орай облыстық сот төрағасы судьяларды сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға, тілдерді білуге және бастамашыл болуға шақырды.

Облыс судьялары да, өз кезегінде, бұл бағдарламалық мақаланың терең маңыздылығын атап өтті.

Қайнар: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі