Ақтөбе облыстық сотының төрағасы М.Әкетай:«Кәсіби сот корпусын қалыптастыру үшін барлық жағдайлар жасалған»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай судьялыққа кандидат мамандармен оқыту семинарын өткізді.

Семинар жұмысына Ақтөбе облыстық сотының кадрлық резерв комиссиясының төрағасы және оқу орталығының үйлестіруші судьясы, бейнебайланыс арқылы – сот төрағалары мен мамандары қатысты.

Кездесу барысында Мұратғали Әкетай «Кәсіби сот корпусын қалыптастыру үшін барлық жағдайлар жасалған» - дей келе,  «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 18 қадамын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанынан судьялық кадрлар резервін даярлайтын Сот төрелігі академиясы құрылғанын айтты.

М.Әкетай Сот төрелігі академиясының артықшылықтарына тоқтала келе, өткен жылы Ақтөбе облысының аудандық соттарының 4 сот отырысының хатшысы Сот төрелігі академиясына оқуға түскенін және оқу барысында олардың еңбекақылары мен жұмыс өтілі сақталғанын, Академия түлектері судья лауазымына тікелей кандидат болып табылатындығын атап өтті. Жоғарғы Сот Кеңесінің судьялыққа кандидаттарды іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етудегі ерекше рөлі айтылды.   

Семинар барысында біліктілік емтиханына дайындықтың ең тиімді тәсілдері және облыстық соттың оқу орталығы әзірлеген тестілеу мен ауызша емтихан сұрақтары талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар өткізілген мазмұнды семинар үшін алғыстарын жеткізді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі