Ақтөбе облыстық сотында оңайтылған іс жүргізудің тиімділігін атап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотында «дөңгелек үстелге» қатысушылар оңайлатылған және бұйрық арқылы іс жүргізудің тиімділігі туралы атап өтті.

Талқылауға судьялар, банк мекемелері, коммуналдық қызмет, мемлекеттік органдарының, соынмен қатар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Шара барысында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев сот арқылы қорғаудың конституциялық кепілі бұл  азаматтық процеске қатысушылардың бұзылған немесе даулы субъективтік құқықтарын тиімді және нақты қалпына келтіру болып табылатындығын атап өтті. Ол сонымен қатар 2014 жылдың 17 қараша айында азаматтық іс-жүргізуді оңтайландыру және жеделдету, сот төрелігіне қол жеткізуді арттыру  мақсатында оңайлатылған өндіріс енгізілгенін атап өтті. Жаңа Азаматтық процестік кодексінде оңайлатылған өндіріс институты жетілдіріліп, қолдану аясы кеңейтілді.

Облыстық сотының судьясы Амангүл Бақытжанова оңайлатылған іс-жүргізу іс қарау уақытының қысқартылуы салдарынан (арызды қабылдаған күннен бастап қысқартылған бір айлық уақыт) азаматтық істерді қарау, даулады шешу тиімділігін, сот актілерінің орындалуын арттырып, азаматтық істерді қарайтын соттың жүктемесін азайтып, азаматтық істерге қатысты материалдық шығындардың қысқартатынын атап өтті.

«Оңайлатылған іс-жүргізу институты сот төрелігінің тиімділігін арттырудағы жүктелген үмітті ақтап, өзінің маңыздылығын және ауқаттылығын көрсетті», - деп айтып өтті А.Бақытжанова.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар Азаматтық процестік кодексінің жаңашылдықтарын, сонымен қатар оңайлатылған іс-жүргізу институтын жоғары бағалап, сапалы заң үстемдігін одан әрі дамытуға ұсыныстарын білдірді.

Қайнар: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі