Судьялар банкроттық бойынша азаматтық істерді қарау мәселелерін талқылауда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Көміршінов "Атамекен" ӨКП басшылығымен, бизнес-қауымдастық, уәкілетті органдар, прокуратура, адвокаттар, банкроттықты басқарушылар, сондай-ақ банкроттық рәсімге тартылған тұлғалар, заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер өкілдерімен кездесті.

М.Көміршінов кездесудің жосықсыз кредиторлар тарапынан қысымға жол бермеу, кәсіпорындар мен жұмыс орындарының қаржылық тұрақтылығын сақтау мақсатында борышкерді банкрот деп танумен байланысты дауларды бейбіт реттеуді танымал етуге көздеілгенін атап өтті. Спикер Мемлекет басшысының 2020 жылдың 1 қазанына дейін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты банкроттық рәсімін қозғауды тоқтату туралы Жолдауына назар аударды.

Экономикалық соттың төрағасы Рүстем Жансықбаев көпшілігінде кредиторлар комитетінің өкілеттігін кеңейтетін заңнамадағы өзгерістерге тоқталып өтті. «Бұл оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану практикасына оң әсер етуі тиіс, өйткені олар басқарушылар арасындағы бәсекелестік үшін алаңды кеңейтті және банкроттықты және оңалтуды басқарушыларды, сондай-ақ уақытша әкімшіні сайлау сатысында және шешімдер қабылдау сатысында кейбір сыбайлас жемқорлық схемаларының мүмкіндігін ішінара жойды. Енді көптеген мәселелерді кредиторлардың өздері шешеді»,- деді Р.Жансықбаев.

Кездесуге қатысушылар банкроттық саласындағы заңнаманың ең маңызды жаңалықтарына қатысты мәселелерді, аталған санаттағы істерді қараудың нақты мысалдарына оларды құқықтық қолдану ерекшеліктерін қарастырды. 2020 жылғы 1 қазанға дейін банкроттық рәсімін қозғауды тоқтату туралы жұртшылықты хабардар ету қажеттігіне назар аударылды.

Қайнар: 
облыстық соттардың баспасөз қызметтері