Атырауда және Қызылордада материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларын қолдану және еңбек заңнамасына енгізілген түзетулер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов облыс әкімдігінің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік еңбек инспекциясының, мемлекеттік сатып алу басқармасының, адвокаттар алқасының, Нотариаттық палатаның, Медиация орталықтарының, "Атамекен" ӨКП, кәсіподақ ұйымдарының, "Су арнасы", "Жылу желілері", "Атырау Жарық" коммуналдық қызметтерінің және НСОС, ТШО, АНПЗ секілді ірі кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өткізді.

Б. Жұмағұлов өз сөзінде кездесудің мақсаты-қоғамды төтенше жағдай кезіндегі сот тәжірибесінің жекелеген мәселелері және Еңбек кодексіндегі өзгерістер туралы Жоғарғы Соттың жалпы отырысының түсіндірмелерінің мәні туралы хабардар ету екенін атап өтті.

Мәселен, Б. Жұмағұлов еңбек заңнамасын орындауға байланысты түзетулер туралы айта келе, келісу комиссияларын құру және олардың одан арғы қызметі, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту, қызметкерлерді басқа заңды тұлғаға іссапарға жіберу үшін шектеу енгізу және жұмыс берушілердің міндеттер шеңберін кеңейту маңыздылығын атап өтті.

«Еңбек заңнамасындағы түзетулермен жұмыс берушілерге келісу комиссияларын құру және олардың рөлін арттыру бойынша міндет жүктелген. Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес жұмыскерлердің немесе бұрын еңбек қатынастарында тұрған адамдардың не жұмыс берушінің келісу комиссиясына жүгінуі олардың арасында туындаған жеке еңбек дауын сотқа дейін реттеу тәртібінің міндетті сатысы болып табылады», - деді Б.Жұмағұлов.

Облыстық соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Манат Көміршінов, Жоғарғы Соттың түсіндірулері туралы айта келе, ТЖ режимін енгізу еңсерілмейтін күш жағдайы болып табылатынын және ТЖ-ны еңсерілмейтін күш жағдайлары ретінде дәлелдеу үшін, жеке талаппен сотқа жүгіну қажет емес, өйткені ТЖ дәлелдеуді талап етпейтін жалпыға белгілі факт болып табылатынын айтты.

«ТЖ режимі шеңберінде шаралар мен шектеулерден туындаған міндеттемелерді орындамау мүліктік жауаптылыққа әкеп соқпайды. ТЖ салдарынан міндеттемелерді орындамауға байланысты дауларды шешу кезінде соттар адалдық, парасаттылық және әділдік қағидатын басшылыққа алуға тиіс. Форс-мажор Тараптардың міндеттемелерін ұзартуға әкеп соғады, бұл ретте Тарап 30 күн бұрын хабарлай отырып, сотқа дейінгі тәртіпті орындай отырып, шарттан бас тарта алады. Төтенше жағдай режимі талап қою мерзімінің ескіруі ағымын тоқтата тұруға әкеп соғады», - деді М.Көміршінов.

Кездесу соңында қатысушылар талқыланған жаңашылдықтардың прогрессивтілігін атап өтті.

 

Қызылорда облыстық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев судьялардың қатысуымен, БКБ арқылы Ұлттық банк филиалы, Екінші деңгейдегі банктер, "Байқоңыр" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "Атамекен" ҰКП Кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлік және туризм, Мемлекеттік сатып алу басқармалары, Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік, полиция және прокуратура, сот орындаушылары, адвокаттар мен медиаторлар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

А.Шығамбаев кездесудің мақсаты төтенше жағдай кезінде сот тәжірибесінің жекелеген мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың жалпы отырысының түсіндірмелерінің мәні туралы хабардар етілетіндігін атап өтті.

Кездесу барысында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Бақытбек Елшібеков, қалалық соттың судьясы Жазираш Дербісалиева және мамандандырылған әкімшілік соттың судьясы Сәуле Өтегенова ТЖ енгізілуіне байланысты азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесінің кейбір мәселелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, судьялар қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаларын түсіндіру мәселелерін талқылады.

Қайнар: 
Атырау және Қызылорда облыстық соттардың баспасөз қызметі