Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы онлайн режимде азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков бүгін онлайн режимде шалғай ауылды аймақтардан азаматтарды қабылдады.

Зайсан, Көкпекті, Күршім, Шемонаиха, Аягөз, Алтай аудандарының, Семей және Курчатов қалаларының тұрғындары мемлекеттік сатып алу саласындағы дауларға, заңды фактіні анықтауға, алимент өндіріп алуға, үйге меншік құқығын тануға, төленген жәрдемақыны қайтаруға, адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне шағымдануға қатысты сұрақтар қойды.

Қабылдау барысында сот  дауының бір қатысушысы Аягөз аудандық сотының судьялары мен мамандарына алғысын білдірді.  

Сонымен қатар, облыстық соттың төрағасы «Telegram», «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілерінің мессенджері арқылы ұйымдастырылған интернет-конференцияға қатысты.

Н.Қайырбеков азаматтарға азаматтық процестік және қылмыстық заңдарға енгізілген өзгертулер туралы ақпарат беріп, сот төрелігін жүзеге асырудағы судьялардың тәуелсіздігі туралы заңның талаптарын және сот актілерінің жоғары сатыдағы сотқа шағымдану тәртібін түсіндіре келе,  құқық қолдану және соттардың жұмыстарына қатысты сұрақтарға жауаптар берді.

 

 

 

 

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі