Талдықорғанда облыстық сот судьялары Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облыстық сотының судьялары Нұргүл Айымханова және Нұргүл Жекенова брифинг өткізді.

Брифингте судьялар Ұлт Жоспарында сот жүйесіне бекітілген реформалардың сәтті жүзеге асырылуы туралы БАҚ өкілдерін хабардар етті.

Атап айтқанда, Н.Аймханова 2016 жылдан бастап, соттар сот төрелігінің үш деңгейлі жүйесіне көшкенін, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптардың күшейтілгенін атап өтті. Судьяның Әдеп кодексінің жаңа жобасы әзірленді. Жоба судьялардың VII съезінде қабылдананды деп  жоспарланып отыр. Брифинг барысында судья Н.Аймханова Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңашылдықтарын түсіндіріп өтті.

Н.Жекенова Жоғарғы Соттың рейтингісі бойынша Алматы облысының соттары медиацияны дамыту мен қолдану бойынша өңірлер арасында үздіктер қатарында екендігін атап өтті. Ағымдағы жылдың 6 айында облыстық соттары 1286 істі медиация тәртібімен қараған. Соның ішінде 795 азаматтық және 491 қылмыстық іс биыл қаралса, өткен жылдың осы кезеңінде 373 іс қаралды.

Алматы облысы бойынша 37 аудандық әкімдікте медиация кабинеті ашылды. Мұнда облыс тұрғындары медиатордан кеңес алу үшін келеді.

Кездесу соңында спикерлер тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі