Архив событий

01/07/2016

Республиканың сот органдары қайырымдылық акциясын өткізді

01/07/2016

Жоғарғы Сот жанындағы департамент басшысы І.Испановтың бастамасымен сот органдары қайырымдылық акциясын өткізді.

Акция шеңберінде сот жүйесінің қызметкерлері көп балалы, аз қамтылған отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.

8 баланының анасы, «Алтын алқа» кеуде белгісінің иегері Гүлшат қала шетіндегі Силикатный ауданында тұрады. Отбасының материалдық жағдайы төмен, меншігінде баспанасы жоқ. Гүлшат өз балаларымен тұруға қолайсыз уақытша баспананы жалдап тұруға мәжбүр.

Кокшетауда облыстық сот пен медиацияны дамыту орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

01/07/2016

Ақмола облыстық сотында судьялар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, нотариустар, адвокаттар, әкімдік және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері Ақмола облысында медиация институтын дамыту мәселелерін талқылады.

Шығыс Қазақстан облыстық соты қарызды өндіру туралы дауды медиация тәртібімен реттеді

01/07/2016

«Подводострой» ЖШС А.Коноваловқа техниканы сатып алу келісім шарты бойынша жалпы сомадағы 6 099 014 теңге қарызды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Шарттың талаптарына сәйкес жауапкер шартқа қол қойылған күннен бастап, 12 күнтізбелік ай мерзімінде төлемді өтеуге міндеттенген. «Подводострой» ЖШС өз міндетін орындап, қабылдау-тапсыру  актісі бойынша тениканы берген. Алайда, жауапкер алған техникасы бойынша төлемдерді өтеу туралы міндеттемені орындамаған.

Павлодар қаласының № 2 сотының судьясы М.Рымбаев республика Судьялар одағы төрағасының құрмет грамотасымен мараптталды

01/07/2016

Павлодар қаласының №2 сотының судьясы Марат Рымбаевты сот жүйесінде көп жылдық мінсіз қызметі үшін республика Судьялар одағы төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

М.Рымбаев өзінің сот жүйесіндегі еңбек жолын аудандық сотының судьясы ретінде 1994 жылғы желтоқсан айынан бастап, одан кейін облыстық соттың судьясы, Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы болып қызмет атқарған.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы азаматтармен кезекті интернет-конференциясын өткізді

01/07/2016

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев облыс тұрғындарымен кезекті интернет-конференциясын өткізді.

Интернет-конференцияның өткізетін күні мен уақыты туралы ақпарат алдын ала облыстық соттың интернет-ресурсына жарияланып, жергілікті телеарнаның эфирінен хабарланды.

Талдықорғанда облыстық сот судьялары Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйледі

01/07/2016

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облыстық сотының судьялары Нұргүл Айымханова және Нұргүл Жекенова брифинг өткізді.

Брифингте судьялар Ұлт Жоспарында сот жүйесіне бекітілген реформалардың сәтті жүзеге асырылуы туралы БАҚ өкілдерін хабардар етті.