Архив событий

18/07/2016

Семейде жұмыссыз азамат парақорлыққа делдал болғаны үшін сотталды

18/07/2016

Семей қаласының №2 соты ҚК-нің 368-бабының 1-бөлігімен, (парақорлыққа делдал болу), 28-бабының 4-бөлігімен, 367-бабының 2-бөлігімен (мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға пара беруге үгіттеу) бойынша жұмыссыз азамат А.Малюкевичке қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта А.Малюкевич 2014-2015 жылдар аралығында ОВ-156/16 мекемесінде жазасын өтеу кезінде мекеме бастығы С.Салтабаев екеуінің арасында сенімді қарым-қатынас қалыптасқан, жазасын өтеп шыққаннан кейін де олар байланыста болғандығы анықталды.

Алматы қалалық соты 2016 жылдың бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылады

18/07/2016

Алматы қалалық сотында соттардың 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылау бойынша қала судьяларының кеңейтілген кеңесі өтті. Кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Нұржан Қайыпжан, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ләззат Кудекова, Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай, қала судьялары, Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Атырауда судьялар тренинге қатысты

18/07/2016

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұстаз - психолог Г.Сұлтанованың, қатысуымен семинар-тренинг өткізілді.