Архив событий

12/07/2016

Маңғыстау облыстық соты аудандық соттың шығарған шешімін өзгеріссіз қалдырып, даулы бейнероликте көрсетілген мәліметтер шындыққа сай келмейді деп таныған

12/07/2016

2015 жылғы 11 қыркүйекте күндізгі уақытта Ақтау қаласы, 14-шағын аудан көлемінде қызмет атқару кезінде Маңғыстау облысы ІІД-нің Жол-патрульдік полиция қызметінің инспекторы М.Абдуалиев жүргізуші М.Кенджебаевтың басқаруындағы «Кіa Rіo» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Көлікті тоқтатуға жүргізушінің жақыннан көрсететін жарығы және күндізгі жүру шамын қоспауы себеп болған.

Ақмола облыстық соты өткен жартыжылдықты қорытындылады

12/07/2016

Ақмола облыстық соты кеңейтілген жалпы кеңесте 2016 жылдың 1 жартылдығындағы облыс соттарының жұмысын қорытындылады. Кеңеске Жоғарғы Сот кеңесінің мүшесі Жақсылық Аланов қатысты.

Судьялар корпусы сот төрелігін сапалы атқару, заңдылықты сақтау мен соттардың жұмысын одан әрі жетілдіру сұрақтарын талқылады.

2016 жылдың 1 жартыжылдығында облыс соттары 31 177 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік іс пен материал қарады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда (28 433) 2 734 іс пен материалға немесе 8,8%-ға көбейген.

Шығыс Қазақстанда «Ақтау үкімін шығару. Ұлттық және халықаралық құқық талаптары» тақырыбында халықаралық семинар өтті

12/07/2016

Шығыс Қазақстан облысында Жоғарғы Соттың, «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Ақтау үкімін шығару. Ұлттық және халықаралық құқық талаптары» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Оның жұмысына Украинаның Запорож облысының қылмыстық істерді қарау бойынша апелляциялық сотының судьясы, з.ғ.к, Украина әкімшілік соттардың Судьялар кеңесі комитетінің төрағасы Григорий Алейников, «Қадір-қасиет»  қоғамдық бірлестігінің, Эберт Фридрих атындағы қордың өкілдері, судьялар қатысты.