Архив событий

29/07/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы өңірдің аудандық соттарында болды

29/07/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов жұмыс сапары шеңберінде облыстың 17 аудандық сотына барды.

Әр аудан орталығында облыстық соттың төрағасы аудан белсенділерінің қатысуымен жиналыс өткізді. Шал ақын аудандық сотында іс-шараға онлайн байланысы арқылы 19 ауылдық округ қатысты.

Маңғыстау облыстық сотында медиация рәсімдері бойынша семинар-тренинг өтті

29/07/2016

Маңғыстау облыстық сотында «Медиация рәсімі. Келіспеушілік пен дау-дамайды реттеуде медиатордың қолданатын құралдары» тақырыпта семинар-тренинг өтті. Оның жұмысына облыс судьялары, кәсіби медиаторлар, жеке нотариустар қатысты.

Семинарды ашқан облыстық соттың судьясы Гүлжахан Иманғалиева  өз сөзінде соттар ҚР-ның «Медиация туралы» Заңын түсіндіру бойынша орасан жұмыс атқарғандығын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық соты сирек кездесетін өсімдікті жойғаны үшін үш азаматтың бостандығын шектеді

29/07/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 339-бабымен (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсiмдiктердің сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн жою) қарастырылған қылмысты жасаған Р.Иманбаевқа, Р.Кудратовқа, К.Ескендіровке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жамбыл облыстық сотында бітімгершілік рәсімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

29/07/2016

Жамбыл облыстық сотында бітімгершілік рәсімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Дау тартыстың деңгейін төмендетіп және қолайлы құқықтық орта құруға себепші болатын  дауды сотқа дейін реттеу, сотта бітімгершілік рәсімдерін қолдану үшін өзара әрекеттерді жан-жақты дамыту және  белсенді түрде енгізуге бағытталған.

Батыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартты

29/07/2016

Батыс Қазақстан облыстық соты Қайрат Сәрсеновке қатысты оның апелляциялық шағымы бойынша түскен қылмыстық істі медиация тәртібі бойынша қысқартты.

Орал қалалық сотының үкімімен Қ.Сәрсенов ҚР ҚК-нің 108-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 25 АЕК көлемінде (49 550 теңге) айыппұл төлеуге сотталды.

Балықтардың бекiре тұқымдас түрлерiн заңсыз аулағаны үшін төрт азамат түрлі мерзімдерге сотталды

29/07/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған әскери соты Атырау қаласының үш тұрғыны Э.Шанбаев, А.Төлеуов, Р.Тілепеев және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметкері Т.Қиматовқа қатысты қылмыстық істі қарады. Олар қылмыстық топ болып балықтың бекіре тұқымдас түрлерін заңсыз аулағаны, заңсыз түрде өнімдерді алу және сату және көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін айыпталды.

Атырауда сот азаматты саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп таныды

29/07/2016

Атырау қалалық сотында арыз беруші Рысқали Нұржаубаевтың саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.            

Іс-құжаттарында көрсетілгендей, арыз берушінің әкесі К.Нұржаубаевқа 1937 жылы  «халық жауы» деген айып тағылып, Батыс Қазақстан облыстық УНКВД үштігінің қаулысымен сотталып, 1938 жылы ату жазасына кесілген.