Батыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық соты Қайрат Сәрсеновке қатысты оның апелляциялық шағымы бойынша түскен қылмыстық істі медиация тәртібі бойынша қысқартты.

Орал қалалық сотының үкімімен Қ.Сәрсенов ҚР ҚК-нің 108-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 25 АЕК көлемінде (49 550 теңге) айыппұл төлеуге сотталды.

Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарау барысында жәбірленуші тарап сотталушымен татуласқанын, моралдық залалдың толығымен өндірілгенін айтып, сотталушыны жауаптылықтан босатуды, татуласу туралы келісім жасалуына байланысты қылмыстық істі медиация тәртібімен қысартуды сұраған.

Аталған жайттар бойынша облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қ.Сәрсеновке қатысты үкімнің күшін жойды.

Сот ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің талаптарына сай, оны жәбірленушімен медиация тәртібі бойынша татуласуына байланысты қылмыстық теріс қылық жауаптылығынан босатты.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі