Оралда сот сегіз жүз миллионнан астам теңгені өндіру туралы талапты медиация рәсімі шеңберінде қысқартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапкер "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның "Жайықжылуқуат" АҚ-нан келісім-шарты бойынша тұтынылған газ үшін 821 539 525 теңге берешекті және 5 091 618 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Істі қарау барысында тараптар жауапкердің талапкерге берешек пен тұрақсыздық айыбын толығымен төлегенін алға тартып, істі жүргізген судьяның медиация рәсімін өткізуі туралы өтініш келтірді. Нәтижесінде тараптар бітімгершілік келісімін бекітіп, оның шарттары бойынша жауапкер берешек соманы төлеп, ал талапкер осы соманы қабылдай отырып, көрсетілген мәселе бойынша жауапкерге қойған талаптарынан бас тартады.

Сот ұсынылған келісімді ҚР "Медиация туралы" Заңына сәйкесінше және үшінші тұлғалардың құқықтары бұзбайтындықтан бекітті. Сонымен қатар, талапкерге мемлекеттік бажды қайтара отырып, АІЖК-нің 277-б.  тәртібімен іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі