Архив событий

27/07/2016

Шығыс Қазақстан облыстық соты «Процестік келісім жасауда туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді

27/07/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Процестік келісім жасауда туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, прокуратура, ШҚО адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Ақтау қалалық соты Маңғыстау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы инспекторларына қатысты айыптау үкімін жариялады

27/07/2016

Маңғыстау облысы бойынша «ХҚО» филиалының бұрынғы инспекторлары М.Мусин мен Е.Бисенбайға өздерінің қызметтік бабын пайдалана отырып, қасақана, пайдақорлық ниетпен, сенімді теріс пайдалану жолымен, өзінің қызмет ететін Маңғыстау облысы бойынша «ХҚО» ішінде сұранысы жоғары автокөлік мемлекеттік белгілерін сату үшін М.Айтбаевпен  қылмыстық сөз байласып, сұранысы жоғары мемлекеттік белгілерін сату үшін қолдан жасалған мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін дайындап, қолданып, өздерінің қылмыстық ойларын жүзеге асыру үшін С-ға, К-ге, Д-ға, Т-ға, З-ға, Р-ға

Орал қалалық соты бұрынғы полиция тергеушісіне үкім шығарды

27/07/2016

Д.Мұқанов 2015 жылы киік мүйіздерін заңсыз сақтаған азаматты ұстаған БҚО ІІД-нің тергеу-операвтивті тобының құрамында болған. 149 дана киік мүйізін алу туралы хаттаманы толтырған Д.Мұқанов заттай дәлелдемені БҚО ІІД-нің ғимаратындағы өзінің қызметтік кабинетінде сақтаған.

Кейін мүйіздердің көп бөлігі қызметтік бөлмеден жоғалған. Аталған фактіні жасыру мақсатымен тергеуші Д.Мұқанов қылмыстық іс бойынша құжаттарды бұрмалап, киік мүйізін алу туралы хаттамасына киіктің 149 данасының орнына 49 жалған ақпаратты енгізген.

Қостанайда дәрігерлердің кесірінен қаза тапқан баланың анасы туберкулезге қарсы диспансерден 5 миллион теңгеден астам моральдық шығын сомасын сот арқылы өндіріп алды

27/07/2016

Дәрігерлердің кесірінен қаза тапқан 4 жастағы баланың анасы Зауреш Дюсембина Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қостанай облысының туберкулезге қарсы диспансеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моральдық шығынды өндіріп алу туралы талап арызбен Қостанай қалалық сотына жүгінді.

2010 жылы оның 2006 жылы туған баласы алдын ала қаралу және емделу үшін  Қостанай облысының өкпе бөліміне түседі, балаға сол жерде ем тағайындалды. Емдеу кезінде ауру асқынып, баланың халі нашарлайды және бала қаза табады.