Архив событий

28/07/2016

Жоғарғы Сот Қостанай облысы Жітіқара қаласының бұрынғы әкіміне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыны күшінде қалдырды

28/07/2016

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының қаулысымен Е.Жандыровты ӘҚБтК-нің 79-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы Қостанай облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қаулысының күші жойылды. Жоғарғы Сот осы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы Қостанай облысының Жітіқара аудандық сотының қаулысын күшінде қалдырды.

Қарағанды облыстық сотының төрағасы аймақтық іссапар кезінде Абай қаласында азаматтардың қабылдауын өткізді

28/07/2016

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков аймақтық іссапар кезінде Абай қаласына барып, азаматтардың қабылдауын өткізді.

Кездесуге Абай аудандық сотының төрағасы Естай Исабеков пен облыс соттар әкімшісі Дүйсен Құсбеков қатысты.

Азаматтардың сұрақтарының басым бөлігі азаматтық-құқықтық заңнамаға және сот актілерінің орындалмауына байланысты болды.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы азаматтармен кезекті интернет-конференциясын өткізді

28/07/2016

Интернет-конференцияның өткізетін күні мен уақыты туралы ақпарат алдын ала облыстық соттың интернет-ресурсына жарияланып, жергілікті телеарнаның эфирінен хабарланды.

Осылайша, облыстың кез-келген тұрғыны сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Жамбыл облыстық сотының сайтында төраға блогындағы «сұрақ-жауап» платформасына соттар жұмысына, сот ісін жүргізу, сот әділдігін орнату, оның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарын қоюға мүмкіндігі болды.

Әскери соттың төрағасы журналистерге арнап брифинг өткізді

28/07/2016

Қазақстан Республикасының Әскери сотының төрағасы С.Ж.Абдуллаев Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге арнап брифинг өткізді.

Журналистердің сұрақтарына судья В.Рычков пен Әскери соттар әкімшісінің басшысы Н.Байтілесов де жауап берді.

Брифинг барысында судьялар БАҚ өкілдерін Жоғарғы Сотқа тиесілі Ұлт Жоспарының 11 қадамының іске асырылуы және 6 айда әскери соттардың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы туралы айтты.

Батыс Қазақстан облыстық соты аймақтық монополияға қарсы қызметінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды

28/07/2016

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Валихан Разов "Ақсайгазөндірісқуат" АҚ табиғи монополиялар субъектісінің тәуелді жағдайын сезіне отырып, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, АҚ-нан Департамент үшін кеңсе жиһазын сатып алуды талап еткен.

Қызметтік өкілеттілігін пайдаланып, "Жайықжылуқуат" АҚ қызметін талдау барысында субъектінің тарапынан бұзушылық фактілерін анықтап, соңғыға анықталған бұзушылықтарды жасырып, артықшылық танытқан.