Батыс Қазақстан облыстық соты аймақтық монополияға қарсы қызметінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Валихан Разов "Ақсайгазөндірісқуат" АҚ табиғи монополиялар субъектісінің тәуелді жағдайын сезіне отырып, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, АҚ-нан Департамент үшін кеңсе жиһазын сатып алуды талап еткен.

Қызметтік өкілеттілігін пайдаланып, "Жайықжылуқуат" АҚ қызметін талдау барысында субъектінің тарапынан бұзушылық фактілерін анықтап, соңғыға анықталған бұзушылықтарды жасырып, артықшылық танытқан.

Орал қалалық соты Валихана Разовты ҚК-нің екі бабы 362-бабының 2-бөлігі (лауазымды адамның қызмет өкілеттігін асыра пайдалануы) және 361-бабының 2-бөлігі (лауазымды тұлғаның қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша айыпты деп таныды. ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен, сот В. Разовқа мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 500 АЕК (6 937 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салу жазасын тағайындады.

БҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы іс материалдарын, сотталған адамның адвокатының шағым дәлелдерін зерттеп, іс бойынша шығарылған сот актісін өзгеріссіз, ал апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды. БҚО-ның апелляциялық сатыдағы соты соттың үкімі заңды және негізді, ал В.Разовтың кінәсінің дәлелденуі туралы іс материалдарынан туындайтын бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарын тиісті істің нақты мән-жайларына және тексерілген және дұрыс бағаланған сот отырысындағы дәлелдемелерге негізделген деп тапты.

Сот қаулысы заңды күшіне енді. 

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі