Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы 2016 жылдың 6 айында соттардың атқарған сот төрелігі қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов Орталық коммуникациялар қызметінің Батыс Қазақстан филиалында республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне облыс соттарының 2016 жылдың жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.  

Спикерлер ретінде облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев және азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Оразова сөз сөйледі.

Б.Әметов биылғы жылдың басынан бастап, Ұлт Жоспарында еліміздегі заңнамалық деңгейдегі барлық жаңашылдықтар толық қарқынмен іске аса бастағандығын айтты. «Екінші реформаның барлық 11 қадамы әлемдік ең жоғарғы стандарттарға сәйкес ұлттық сот жүйесін ерекше жаңғыртты», - деді ол.

Кездесу барысында спикерлер облыс соттарының негізгі жұмыс көрсеткіштері, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстыра отырып, 2016 жылдың жартыжылдық қорытындысы бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау бойынша  статистикалық мәліметтер туралы айтты. Облыс соттарында татуластыру рәсімдерінің кеңінен қолданылуы мен сот ісін жүргізуге инновациялық технологиялардың енгізілуі жайында баяндады.

Облыстық соттың төрағасы сот төрелігін атқарудың сапасын жақсарту мақсатында алға қойған нақты міндеттерін айтты. Ұлт Жоспары бағытында Қазақстан Республикасының сот жүйесін жаңғырту бойынша негізгі міндеттерді іске асыру және орындау туралы айтып, облыс соттарының сот өндірісіндегі қоғамдық серпіліс тудырған кейбір істер бойынша қойылған сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі