Архив событий

04/07/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы журналистерге баспасөз-мәжілісін өткізді

04/07/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ақан Жұмағұлов өткен баспасөз-мәжілісінде соттың а.ж. 6 айлық жұмысын қорытындылады.

А.Жұмағұлов жарты жыл ішінде елордалық экономикалық экономикалық сотқа 7 632 арыз және іс келіп түскенін, олардың ішінде 5 346 сот шешімін шығара отырып және 41 іс сырттай қарау тәртібімен қаралғанын хабарлады. 2016 жылдың 6 айында барлығы 7 461 азаматтық іс аяқталды.

Әскери сот төрағасы Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесу өткізді

04/07/2016

Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетіне барып, оның басшылығымен және жеке құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жалпы сот жүйесі қызметінің мәселелері қозғалды.

Көкшетауда сот жеке кәсіпкердің талап арызын ішінара қанағаттандырды

04/07/2016

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Көкшетау Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынынан тұрақсыздық және бағамдық айырымды өндіріп алу туралы жеке кәсіпкердің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, тараптар арасында болат құбырларын жеткізу бойынша шарт жасалғаны анықталды. Жауапкер тауар құнын толық көлемде, бірақ мерзімін бұзып төлеген. Осыған байланысты, жауапкер тұрақсыздық сомасын төлеуге міндетті.

Электронды сот құжаттарының түпнұсқасы QR-код арқылы расталатын болады

04/07/2016

Баршамызға мәлім, кейбір азаматтар онлайн-қызметтерді тұтынуға әлі күнге дейін күмәнмен қарайды. Дей тұрғанмен, «Сот кабинеті» сервисі тұтынушыларының саны күн өткен сайын артып келеді және қазіргі таңда республиканың сот органдарына 809 мыңнан астам талап арыздар, өтініштер мен өзге де құжаттар электронды нұсқада келіп түскен.