Архив событий

05/07/2016

Құрметті оқырмандар!

05/07/2016

Сіздерді мемлекеттік мереке – Елорда күнімен құттықтаймын!

Отаншылдық рухты көтеретін бұл мереке Қазақстанның әрбір азаматы үшін қоғамдық-саяси маңызға ие. Астананың қалыптасу тарихы биыл 25 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан еліміздің тәуелсіздігімен тікелей байланысты.

Қазақстанның жаңа елордасының бастамашысы – ел Президенті Н. Назарбаев Астананың образын қалыптастыруға терең мән беріп, оны тәуелсіз мемлекетіміздің табысты дамуы мен өсіп-өркендеуінің символы ретінде ұштастыра білді. 

Астана қаласының соты 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындыларын шығарды

05/07/2016

Астана қалалық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстың қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров, Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев, қалалық соттың судьялары, Астана қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы қатысты.

Қайрат Мәми Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтап, оның сот жүйесінің инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтті

05/07/2016

Жоғарғы Сотта өткен кеңесте жоғары сот органының төрағасы Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің бұрынғы басшысы Ілияс Испановты Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуымен құттықтады.

Қызылордада әкімдік пен сот корпусы өзара ынытымақтастық туралы меморандумға қол қойды

05/07/2016

Қызылордада Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков пен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының қолдануын кеңейту және жан-жақты дамыту туралы өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды. 

Меморандум халықтың дауларды баламалы тәсілдермен шешу мәселелері бойынша құқықтық мәдениет деңгейін көтеру мақсатында қол қойылды.  

Өскемен қалалық соты сот төрелігін жүзеге асыруға тартылған доғарыстағы судья С.Құмароваға өздерінің алғыстарын білдірді

05/07/2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының Өкімімен «Қазақстан Республикасынң сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 35-бабына сәйкес, доғарысқа шыққан судья С.Құмарова 2016 жылдың 9 наурызынан бастап, Өскемен қалалық сотының судьясының  бала күтіміне байланысты еңбек демалысында болуына байланысты оның орынына судья қызметіне жұмысқа тартылды.

Облыстық соттарда Астана күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті

05/07/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында алдағы Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Кездесуді ашқан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов бұл мереке қазақстандықтар бірлігінің үлгісіне, Қазақстан Республикасы жетістіктерінің нышанына айналғанын атап өтті.

Атырау қалалық соты тұтынушының құқығын қорғады

05/07/2016

Атырау қалалық сотында талап қоюшы З.-ның жауапкер «Ж» ЖШС-не шартты бұзу, тұтынушының құқығына қысымшылық келтіргені үшін ақшалай және моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс материалына сәйкес талап қоюшы 2014 жылғы «Хюндай Туксон» маркалы автокөлігін 6 420 000 теңгеге бөліп төлеу арқылы сатып алуды шешеді.

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты сотқа құрметтемеушілік үшін ескерту түріндегі жаза тағайындады

05/07/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Б-ның қылмыстық іс бойынша белгіленген сот отырысына куәгер ретінде алкогольдік масаң күйде келгені анықталды.

Сот қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен («Сотты құрметтемеушілік») көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеттің 117-ші сессиясы барысында Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пактінің орындалуы туралы екінші баяндаманы қорғады

05/07/2016

2016 жылғы 22-23 маусымда Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі комитеттің 117-ші сессиясы барысында Женева қаласында Халықаралық міндеттемелерді орындау бойынша екінші кезеңдік баяндаманы қорғады.

Алматы облысында сот практикасында бітімгершілік рәсімдерін тиімді пайдалану бойынша семинар-тренинг өтті

05/07/2016

Алматы облыстық соты Халықаралық құқық қорғау орталығымен  бірлесе отырып, Қарасай аудандық сотында сот практикасында бітімгершілік рәсімдерін тиімді пайдалану бойынша семинар-тренингі өткізді.

Семинар жұмысына Алматы облысы бойынша аудандық және оларға теңестірілген соттардың медиация бойынша үйлестіруші-судьялары қатысты.

Іс-шараның модераторы облыстық соттың судьясы Нұргүл Жекенова  және жаттықтырушы-медиатор Жанділдә Жақыпов болды.

Қостанай облыстық соты зағип жанның бұзылған құқықтарын қорғады

05/07/2016

Қостанай облыстық соты азаматша Эльнара Әбдіназарованың «МК-Ломбард» ЖШС-не кепілдік несие беруден заңсыз бас тартумен келтірілген моралдық зиянға өтемақы төлеу туралы талабы бойынша Қостанай қалалық сотының шешіміне апелляциялық шағымын қайта қарады.

Көру бойынша бірінші топтағы мүгедек бола тұрып, Қостанай қаласының 27 жасар тұрғыны және екі баланың анасы құжаттарға факсимиле пайдалана отырып қол қояды. Оның жеке куәлігінде «қол қоюы» бағанасында факсимиле көрсетілген.

Ақмола облысының Есіл аудандық соты 23 істі татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы қарады

05/07/2016

Есіл аудандық соты өткен жарты жылдың ішінде 426 азаматтық іс, соның ішінде 14 іс дауды медиация тәртібімен, 4 іс татуласу келісімін жасаумен қарады.

Қаралған 42 қылмыстық істің ішінен 3 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды, 2 іс медиация тәртібімен қаралды.